Оқушыларға жеке қолдау көрсетіп, оқу материалдары мен ресурстарды оқушылардың танымдық қабілеттерін ескере отырып жасаймын. «Стоп кадр»әдісі арқылы барлық оқушылардың тақырып бойынша білімдерін қалыптастырып, танымдық қабілетін ашамын. «ПДМД»
әдісі арқылы оқушылар бейнероликтеналған мәліметтерді пайдаланып, бірлесе жұмыс жасап, өзара ой бөліп, өз ойын қорыта алады. «Ойда тұтқаныңды дәлелде,суретін сал»әдісінде жаңа білімді ұғынады,оны қолданып сызба суретін сызады, білім дағдысын, шығармашылық қабілетін қалыптастыруға және ізденіске жетелейді,тақырып бойынша алған білімді бекітіп, қорытындылайды, өзін және өзгені тыңдау қабілеті артады, сыни тұрғыдан ойлау дағдысы қалыптасады.
|
Сабақ барысында оқушылардың білім деңгейін тексеру үшін әр тапсырмаға дескриптор құрамын. Оқушылардан кері байланыс алу арқылы білімдерін толықтырып отырамын. Оқушыларға смайликтер беру арқылы мадақтаулар айтып, «Операциялық жүйелер жетістігі», «Басбармақ», «Білім ағашы» әдісі арқылы өздеріне бір-бірін бағалату ,сонда оқушы өз жұмысының сапасын біледі,әрі пікір айту арқылы бір-бірін талқылай отырып кемшілік тұсын, жетістігін есте сақтай алуға жетелеймін.Нені жақсарту керектігін белгілей отырып,оқушының ішкі уәжін оятамын.
|
Оқушыларға физика кабиетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау керек-тігі айтылды
|