V Түзудің теңдеуі. Теориялық материалды қайталау. Фронталды жұмыс
Оқушылар мұғаліммен бірге теориялық материалды, слайдтарда ұсынылған анықтамалар мен формулаларды қайталайды, түзудің жалпы теңдеуін,берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін жазады
Мұғалім сұрақтар қояды:
1. Түзудің теңдеуінің қандай түрлерін білесіз?
2. Координаттық жазықтықта түзудің орналасуы оның бұрыштық коэффициентіне қалай тәуелді?
3. Түзулердің өзара орналасу қандай түрлерін білесіз?
4. Түзулердің өзара орналасу олардың бұрыштық коэффициенттеріне қалай тәуелді?
VІ Тақырып бойынша есеп: Түзудің теңдеуі. Жеке дара жұмыс.
Оқушылар орындарында жеке дара тапсырмаларды шешеді.
Мұғалім есептерді шешуге және ресімдеуге, кеңес беруге және қажет болған жағдайда қиындықтарға тап болған оқушыларға көмектеседі.
Өздерінің тапсырмаларын орындаған оқушылар үшін күрделі деңгейдегі қосымша тапсырмалар ұсынылады.
Сабақтың соңында оқушылар келесі сұрақтарға жауап беру арқылы рефлексия жүргізеді:
Не білдім, не үйрендім?
Не түсініксіз болды?
Немен жұмыс жасау керек?
|
Интерактивті тақта
Презентация
1-3 слайд
Презентация
4 слайд
Қосымша1
Қосымша 2
5-6 слайдттар
7 слайд
Қосымша 3
8-12 слайдттар
Қосымша 3
Қосымша 4
13-14 слайдттар
|
Саралау
|
Бағалау
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Оқушылар жұптық жұмыста бір біріне шамалары келгенше көмектеседі. Саралау жұптық және топтық жұмыстарда көрінетін болады. Оқу үлгерімі жоғары оқушылардың басқа оқушыларға көмек көрсетуі қажет.
Өздік жұмыс үшін түрлі деңгейдегі тапсырмаларды таңдау дифференциацияны қамтамасыз етеді
|
Сабақ кезінде мұғалімнің формативті бағалауы - мұғалім жұмыстың орындалуын қадағалайды, ауызша түсініктеме береді. Оқушылардың бірлескен іс-әрекеттерге қатысуын және диалогтарын жүзеге асыруға қатысуын бағалау.
Тапсырманы орындағаннан кейін өзін бағалау. Жұмыстарды орындағаннан және ұсынғаннан кейін өзара бағалау.
Мұғалімнің оқушылардың жеке дара жұмыстарын бағалауы.
|
Іс әрекеттің өзгеруін ұйымдастыру және оқушылардың әр қызмет түрі үшін уақытты ұтымды бөлу.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес есептерді таңдау.
|