Сен білесің бе? Қазақстанның барлық өңірінде соғатын күшті желдер, оның ішінде жергілікті желдер туралы әңгімелесу.
Суреттерді пайдаланып әңгімеле. Желдің қандай пайдасы бар? Зияны қандай? Өзің қандай мысал келтірер едің?
Дескрипторы:
желдің қандай пайдасы мен зияны бар екенін біледі.
48-жұмыс парағы. «Желдің пайдасы мен зияны».
Желпайдалыма,зияндыма?
Желдің пайдалы және зиянды әрекетін анықтау, толықтыру.
Желдің пайдалы әсері: дәнді дақылдарды ұнтақтау, жерді құрғату.
Желдің зиянды әсері: ғимараттардың құлауы, су тасқыны, электр желілерінің үзілуі, ағаштардың сынып құлауы.
49-жұмыс парағы. «Желдің әсерінен болатын өзгерістер»
Пікірлердің дұрыс немесе дұрыс емес екенін анықтау, белгілеу.
Филворд
Филвордта жасырылған сөздерді тауып, сөйлем құрау.
Жауабы: мұнай, газ, көмір, үнемдеу.
Жел мұнайды, газды, көмірді үнемдеуге көмектеседі.
ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы.
Желдің пайдасын адамдар ерте заманнан білген. Желдің жылдамдығын пайдаланып, желкенді кемемен саяхатқа шыққан. Жел диірменінде дақылдарды ұнтақтап, ұн жасаған. Желдің табиғатта да маңызы зор. Желдің көмегімен өсімдік тұқымы таралып, көбейеді. Жел бұлтты айдап, жаңбыр жауғызады. Ауаны тазартады. Қазіргі уақытта желді қуат көзі ретінде пайдаланып отыр. Оның күшінен электр
энергиясын өндіреді. Мұндай энергияның экологиялық және экономикалық артықшылықтары көп. Ол қоршаған ортаны, ауаны ластанудан сақтауға және табиғат ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Желдің зиянды әрекеті де бар. Желдің күші электр желілерін үзіп, ағаштар мен ғимараттарды құлатып, адам өміріне қауіп төндіреді. Теңіздер мен мұхиттарда алып толқын туғызып, кемелерге, жағаға жақын елді мекендерге зиянын тигізеді, дала мен орман өртін өршітеді.
Тапсыр
маны орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
https://www.youtube.com/watch?v=7Orf58Vmgek
Оқулық
Жұмыс
Дәптерлері
Оқулық
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |