IV. Жаттығулар орындау.
25-жаттығу. №1, №2, №3.
V. Қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма:§54. 25-ж. №4, №5, №6.
8-сынып
Сабақ тақырыбы: §55. Тогы бар шарғының магнит өрісі. Электромагниттер.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға магнит өрісі ұғымын қалыптастыруды жалғастыру, тогы бар шарғының магнит өрісі, электромагниттер туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабаққа қажетті құралдар: электрондық оқулық, солениод, сымдар, ток көзі, реостат, темір ұнтақтары, электромагнит.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеру:
Тұрақты магниттер дегеніміз не?
Болаттан шарды магниттеуге бола ма?
Магнитті қыздырғанда ол неліктен магнитсізденеді?
Магниттердің полюстері өзара қалай әрекеттеседі?
Жердің магнит өрісі бар екендігі немен дәлелденді?
Аспан денелерінің магнит өрісі бола ма?
Достарыңызбен бөлісу: |