ІІІ. Жаңа сабақ.
Шарғы арқылы ток жіберіледі. Солениод ішіндегі магнит өрісінің күш сызықтары параллель және сырт жағынан орап жатады. Күш сызықтары шарғының солтүстік полюсі жағынан шығып, оңтүстік полюсі жағына кіреді.
Тогы бар шарғының магнит өрісі күш сызықтарының бағытын бұрғы ережесі арқылы табуға болады: егер бұрғы тұтқасын ток бағытымен айналдырса, оның ұшының қозғалысы шарғының магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын көрсетеді.
Шарғының бір ұшы –солтүстік полюс деп саналады, сол ұшқа қарап тұрған бақылаушы үшін шарғы орамындағы ток сағат тіліне қарсы бағытта ағады. (а). Шарғының екінші жағы –оңтүстік полюс болады, бұл жерде ток орамды сағат тілі бағытымен айналып өтеді. (ә).
Ішіне темір өзекше орналастырған шарғы электромагнит деп аталады.
Электромагниттік реленің құрылысы:
1-шарғы
2-пластина
3-контактілер
4-серіппе
Достарыңызбен бөлісу: |