Сабақ тақырыбы: жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия. Сабақ мақсаты



бет1/132
Дата07.01.2022
өлшемі8,7 Mb.
#18780
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132
Байланысты:
00075fab-43c81fc8


8-сынып. № 1 сабақ
Сыныбы: _____Күні:_________

20___оқу жылы
Сабақ тақырыбы: §1. Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға жылулық қозғалыс, броундық қозғалыс, диффузия туралы түсінік алуға жетелеу.

  2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ой-өрісін дамыту. Ғылыми ой қозғауға жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ көрнекілігі: плакаттар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақ.

Механикалық құбылыстардан кейінгі ең танымал құбылыстар – жылу құбылыстары. Олар денелерді қыздырумен немесе суытумен, яғни олардың температурасын өзгертумен байланысты. Бұл процестер денелердің кейбір қасиеттерінің өзгеруіне әкеледі. Жылулық процестердің жүруі заттың құбылысымен, оның ішкі құрылымымен тығыз байланысты. Жылу құбылыстары ерте заманнан-ақ адамдардың назарын аударып келген. Адамның алғашқы от жағуды үйренуі мен оны өшірмей сақтай алуы адамзат ашқан ұлы жаңалықтардың бірі болып табылады. Алайда жылу құбылыстарын түсіндіру үшін ғалымдарға ұзақ уақыт бойы еңбек етуге тура келді. 17 ғасырдан 19 ғасырға дейін жылу табиғаты туралы екі көзқарас болды. Бірінші теорияға сәйкес материяның ерекше бір түрі жылу тегі бар, ол бір денеден екіншісіне өтіп, оның қаншалықты қызғанын анықтайды деп есептейді. Жылу тегі теориясымен қатар, жылудың екінші-корпускулалық ториясы болды. Бұл теорияға сәйкес, жылу дегеніміз—дененің өте ұсақ бөлшектерінің үздіксіз ішкі қозғалысы. Ол теорияны 17-18 ғасырдағы көптеген көрнекті ғалымдар Ф. Бэкон, Р. Гук, И. Ньютон, Д. Бернулли, М.М. Ломоносов, т.б. тамаша қорғап шықты. Жылу табиғаты туралы корпускулалық теорияның дамуына М.В. Ломоносов зор үлес қосты. Ол жылу мен суықтың табиғаты туралы жазған шығармасында (1745) жылуды зат бөлшектерінің қозғалысы ретінде қарастырды. Ол өз теориясының көмегімен балқу, булану, жылуөткізгіштік және басқа құбылыстарға дұрыс түсініктеме берді. Жылулық құбылыстарға дененің температурасының өзгеруімен байланысты құбылыстар жатады.



Диффузия – бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларалық кеңістігіне еніп кетуі.

Диффузия сұйықтарда, газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде жүреді. Диффузияның қарқындылығы зат тығыздығы мен молекулалардың ретсіз қозғалысының жылдамдығына байланысты болады.

Газдағы диффузияға қарапайым мысал ретінде иістің ауадағы таралуын алуға болады. Мысалы, қақпағы ашық құтыдағы әтірдің хош иісі бөлменің ішіне лезде таралады.

Егер газдағы диффузия аз уақыт ішінде өтетін болса, онда сұйықтардың араласуы үшін біраз уақыт кетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет