Приборлар мен материалдар: амперметр, вольтметр, ток көзі, қосу сымдары, кілт, резисторлар,қыздыру шамы.
Жұмыс барысы:
1. Амперметр мен вольметрдің шкалаларын қараңдар, бөлік құнын анықтаңдар.
2. 191-192- және 193-суреттердегі сұлбалар бойынша электр тізбегін жинаңдар. Әр жағдай үшін амперметрдің көрсетулерін жазыңдар.
3. Қорытынды жасаңдар.
4. Ток көзін, резисторды, қыздыру шамын және кілтті тізбектей қосып, электр тізбегін жинаңдар.
5. Тізбекті тұйықтаңдар және әр резистордың ұштарындағы кернеулерді U1, U2 және екі резистордан тұратын тізбек бөлігіндегі кернеуді өлшеңдер.
6. Жинаған тізбектің сұлбасын сызыңдар.
7. U1+ U2 қосындысын есептеңдер және U кернеуімен салыстырыңдар.
8. Қорытынды жасаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |