Сабақ тақырыбы: Кесіндердің түрі мен құрамын түрлендіру. Модуль /пән атауы: Графика және жобалау Педагог


Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі



бет7/10
Дата11.10.2022
өлшемі1,23 Mb.
#42331
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Графика және жобалау сабақ жоспары 2022-2023

Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі
Сабақ жоспары №3

Сабақ тақырыбы

Заттың пішінін түрлендіру.



Модуль /пән атауы

Графика және жобалау

Дайындаған педагог

Дакен Маржан

2022 жылғы « »


1.Жалпы мәліметтер




Курс, топ

1 курс, ____

Сабақ типі

Дәріс сабақ

2. Мақсаты, міндеттер

Мақсаты:
1. Кеңістіктегі заттың қалпын түрлендіру.
2.Зат бөліктерінің орнын ауыстыру арқылы сызбаны орындау
Міндеттері:

  • Өздерінің,өзгелердің шығармашылық жұмыстарын талдайды,бағалайды және дәлелді шешім қабылдау біліктілігін дамытады.

3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер

- 3D нысанды түрлендірудің құралдары мен графикалық әдістерін қолданады;

  • 3D нысанды затпен сығу әдісімен және бөлшектерді алып тастау арқылы түрлендіреді;

4. Қажетті ресурстар

  1. Графика және жобалау: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытының 10-сыныбына арналған оқулық. Екінші бөлім+СD, / В.Б. Кульбаева, Х.К

  2. Графика және жобалау: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытының 11-сыныбына арналған оқулық. +СD, / И. М. Дубинец, В.Б. Кульбаева, Ж.Д Ергалиев,–

5. Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт



Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Психологиялық ахуал. Ұйымдастыру кезеңі: «Миға шабуыл» әдісі.Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру.
-Проекция жазықтығы дегеніміз не?
-Көрініс деп нені айтамыз?
-Модельдеу дегеніміз не?
-Техникалық сурет дегеніміз не?



Сұрақтарға жауап береді




Слайд, оқулық

Сабақтың ортасы



Жаңа сабақты жариялау.Сабақтың мақсаттары мен бағалау критерийлерін таныстыру.Тақырыптың мазмұнын ашу үшін топтық жұмыс жүргізіледі
«Ойлан және тап»әдісі.Топқа бөлу
1-тапсырма.Топтық жұмыс. «Ойлан және тап»әдісі.
Екі топ кеңістікте берілген көрініс арқылы затты анықтайды.Сызбасын плакатқа орындайды
Дескриптор:
-кеңістіктегі берілген затты ажыратып,сипаттап береді
- зат формасының көрінісін сызбада орындайды.
2-тапсырма. «Денотатты граф» әдісі. (тапсырмалар арқылы оқушыларға практикалық жұмыс беру, топпен жұмыс)
Оқушыларға затты көрсетеміз. Талдаңыз.Заттың кеңістіктегі бөліктерінің орнын өзгертіңіз. Өзгерістер арқылы әртүрлі көріністерді орындаңыз.
Дескриптор:
-қарапайым заттардың формаларын түрлендіреді және талдайды
-Заттың кеңістіктегі көрінісін түрлендіру арқылы сызба жұмыстарын орындайды
3-тапсырма. «Серпілген сауал» әдісі арқылы тақырыптың түсіну деңгейін артыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу мақсатында жылдам әрі нақты жауаптар алу үшін оқушыларға сұрақтар қойылады.
-Заттың формасы қандай денелерден құралады?
-Зат бөліктерін ауыстыруға болады ма?
-Зат бөліктері ауысқанда кескін өзгере ме?
-Зат формасын қалай түрлендіруге болады?
Дескриптор:
1.Затты геометриялық денелерге бөлшектейді
2. Заттың бастапқы қалпын түрлендіреді
Бағалау:



Сабаққа назарын аудару

Топтық жұмысты орындау

Сызу аспаптарын пайдалану барысында қауіпсіздік ережелерін сақтайды.


АКТ(интерактивті тақта) жұмысын пайдалану ережелерін біледі.
Оқушының өз ара қатынасын үнемі бақылайды

«Басбармақ» әдісімен мұғалім бағалайды.


«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісімен бірін-бірі бағалайды.
Сабақтан алған әсерлерін «Жапырақ» әдісі арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды
Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым.
Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды.
Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті.



Әр түрлі геометриялық денелер.
Маркер,қағаз



Сабақтың соңы



«Кері байланыс бутерброды» кері байланысы арқылы қортындылаймыз.
Жағдайаттық мәлімдеме-Маған ұнады.....,себебі....
Енді\ келесі жолы.......












Үй жұмысы: Оқулық 66 бет. Тапсырманы орындау




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет