Сабақ тақырыбы
|
Заттың пішінін түрлендіру.
|
Модуль /пән атауы
|
Графика және жобалау
|
Дайындаған педагог
|
Дакен Маржан
|
2022 жылғы « »
|
|
1.Жалпы мәліметтер
|
|
Курс, топ
|
1 курс, ____
|
Сабақ типі
|
Дәріс сабақ
|
2. Мақсаты, міндеттер
|
Мақсаты:
1. Кеңістіктегі заттың қалпын түрлендіру.
2.Зат бөліктерінің орнын ауыстыру арқылы сызбаны орындау
Міндеттері:
Өздерінің,өзгелердің шығармашылық жұмыстарын талдайды,бағалайды және дәлелді шешім қабылдау біліктілігін дамытады.
|
3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер
|
- 3D нысанды түрлендірудің құралдары мен графикалық әдістерін қолданады;
3D нысанды затпен сығу әдісімен және бөлшектерді алып тастау арқылы түрлендіреді;
|
4. Қажетті ресурстар
|
Графика және жобалау: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытының 10-сыныбына арналған оқулық. Екінші бөлім+СD, / В.Б. Кульбаева, Х.К
Графика және жобалау: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытының 11-сыныбына арналған оқулық. +СD, / И. М. Дубинец, В.Б. Кульбаева, Ж.Д Ергалиев,–
|
5. Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Психологиялық ахуал. Ұйымдастыру кезеңі: «Миға шабуыл» әдісі.Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру.
-Проекция жазықтығы дегеніміз не?
-Көрініс деп нені айтамыз?
-Модельдеу дегеніміз не?
-Техникалық сурет дегеніміз не?
|
Сұрақтарға жауап береді
|
|
Слайд, оқулық
|
Сабақтың ортасы
|
Жаңа сабақты жариялау.Сабақтың мақсаттары мен бағалау критерийлерін таныстыру.Тақырыптың мазмұнын ашу үшін топтық жұмыс жүргізіледі
«Ойлан және тап»әдісі.Топқа бөлу
1-тапсырма.Топтық жұмыс. «Ойлан және тап»әдісі.
Екі топ кеңістікте берілген көрініс арқылы затты анықтайды.Сызбасын плакатқа орындайды
Дескриптор:
-кеңістіктегі берілген затты ажыратып,сипаттап береді
- зат формасының көрінісін сызбада орындайды.
2-тапсырма. «Денотатты граф» әдісі. (тапсырмалар арқылы оқушыларға практикалық жұмыс беру, топпен жұмыс)
Оқушыларға затты көрсетеміз. Талдаңыз.Заттың кеңістіктегі бөліктерінің орнын өзгертіңіз. Өзгерістер арқылы әртүрлі көріністерді орындаңыз.
Дескриптор:
-қарапайым заттардың формаларын түрлендіреді және талдайды
-Заттың кеңістіктегі көрінісін түрлендіру арқылы сызба жұмыстарын орындайды
3-тапсырма. «Серпілген сауал» әдісі арқылы тақырыптың түсіну деңгейін артыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу мақсатында жылдам әрі нақты жауаптар алу үшін оқушыларға сұрақтар қойылады.
-Заттың формасы қандай денелерден құралады?
-Зат бөліктерін ауыстыруға болады ма?
-Зат бөліктері ауысқанда кескін өзгере ме?
-Зат формасын қалай түрлендіруге болады?
Дескриптор:
1.Затты геометриялық денелерге бөлшектейді
2. Заттың бастапқы қалпын түрлендіреді
Бағалау:
|
Сабаққа назарын аудару
Топтық жұмысты орындау
Сызу аспаптарын пайдалану барысында қауіпсіздік ережелерін сақтайды.
АКТ(интерактивті тақта) жұмысын пайдалану ережелерін біледі.
Оқушының өз ара қатынасын үнемі бақылайды
|
«Басбармақ» әдісімен мұғалім бағалайды.
«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісімен бірін-бірі бағалайды.
Сабақтан алған әсерлерін «Жапырақ» әдісі арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды
Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым.
Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды.
Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті.
|
Әр түрлі геометриялық денелер.
Маркер,қағаз
|
Сабақтың соңы
|
«Кері байланыс бутерброды» кері байланысы арқылы қортындылаймыз.
Жағдайаттық мәлімдеме-Маған ұнады.....,себебі....
Енді\ келесі жолы.......
|
|
|
|
Үй жұмысы: Оқулық 66 бет. Тапсырманы орындау
|