Сабақ тақырыбы. Кіріспе. Омыртқасыздар зоологиясы жеке ғылым ретінде. Сабақ жоспары



бет31/56
Дата17.04.2023
өлшемі177,48 Kb.
#83523
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56
Байланысты:
tezis lektsii po zoologiya

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Шеміршекті балықтардың жалпы сипаттамасы.

  2. Тақтажелбезектілер.

  3. Акулалар.

  4. Скаттар.

  5. Тұтас бастылар немесе химералар.



Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Омыртқалылар зоологиясы. 1 бөлім :оқулық /К.Б.Олжабеков,Б.Е.Есжанов.- Алматы:Эверо,2011.-400б.

  2. Наумов Н.П. Омыртқалылар зоологиясы. – Алматы.: “Мектеп”, 1970.

Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. I, и II тома. – М.: Высшая школа, 1979г.
12 дәріс: Қосмекендiлер немесе амфибилер класы.
Жоспар.

  1. Қосмекенділердің морфо-физиологиялық ерекшеліктері.

  2. Қосмекендiлердің көбеюі және дамуы.

1. Амфибилер — суда тіршілік ететін балықтар мен құрлыкта тіршілік ететін организмдердің аралық формасы болып саналады. Оларды суда да, құрлықта да тіршілік етуіне байланысты қос мекенділер деп атаған.


Осы кезде тіршілік ететін қос мекенділердің 2600—2800 жуық түрі бар; олар үш отрядқа топтасады:
1. Құйрықтылар (Саиdаtа немесе 1Urodеlе)
2. Аяқсыздар (Ароdіа)
3. Құйрықсыздар Апига немесе Есаиdіаtа).
Басқа омыртқалыларға қарағанда, қос мекенділер аз таралған. Көптеген түрлері температурасы тұрақты, өте дымқыл тропикте тіршілік етеді. Климаты қоңыржай жерлерде амфибилер аз, ал Арктика мен Антарктикада олар мүлдем болмайды. Бұлардан басқа шөлді облыстар мен биік таулы елдерде қос мекенділер аз кездеседі, немесе мүлдем кездеспейді. Мұның өзі амфибилердің құрғақшылыққа, төменгі температураға төзімсіздігін көрсетеді.
Амфибилерді дене пішіндеріне және мекендейтін ортасына байланысты үш топқа бөлуге болады:
1. Тр и т о н т ә р і з д і л е р. Бұлардың денелері сопақ, ұзынша келеді, жақсы дамыған құйрығы болады, алдыңғы және артқы аяқтары біркелкі дамыған, жүргенде жер бауырлап жүреді. Басқа қос мекенділерге қарағанда көбінесе тіршілігі суда өтеді. Бұларға жататындар: тритондар, саламандыралар т. б.
2. Б а қ а т ә р і з д і л е р. Бұлардың дене тұрқы қысқа бол-ғанмен де массивті толық келеді, құйрығы болмайды. Олардың алдыңғы аяқтарынан гөрі артқы аяқтары ұзын және жақсы дамыған. Құрлықта сол артқы аяқтарының көмегімен секіріп қозғалады. Көбею кезеңінде гана су орталығында болады'да, ересек формаларының тіршілігінің сумен байланысы шамалы. Бұл типке барлық бақаның түрлері жатады.
3. Қүрт тәрізділер. Денесі ұзын, аяғы мен құйрығы бол-майтын амфибилер. Құрлықта денесін жылан сияқты иреңдетіп, қозғалады. Топырақтың үстіңгі қабатында және түрлі ағаш қалдықтарының арасында тіршілік етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет