Зәр-жыныс органдары. Зәр-жыныс органдарының кұрылысы шеміршекті балықтардың жыныс органдарының құрылысына ұқсайды. Ұрықтың даму кезіндегі зәр шығару органының қызметін пронефрос, ал ересектерінде вольфов каналдары арқылы сыртқа ашылатын — мезонефрос атқарады. Зәр шығару түтікшелері клоакаға ашылады. ,5 Зәр заты алдымен клоакаға одан қуыққа барады. Қуық толғаннан кейін сол тесік арқылы клоакаға одан сыртқа шығарылады.
Дамуы. Амфибилер жұмыртқасындағы сары заттары жұмыртқаның денесіне біркелкі тарамай, көпшілігі жұмыртқаның төменгі түссіздеу бөліміне жиналған, оған қарама-қарсы (ани-мальдық) бөлімі қара түсті болып тұрады. Жұмыртқаның үстіңгі бөлімінің пигментті болуы күннің ультракүлгін сәулесінің зиянды әсерінен қорғауға бейімделуі болуы мүмкін. Жұмыртқа толық, бірақ бір келкі бөлшектенбейді. Ұрықтаиған соң (бақаларда) 8—10 күннен кейін, жұмыртқаның қабығын жарып ит-шабақ деп аталатын личинкасы сыртқа шығады.
АМФИБИЛЕРДІҢ СИСТЕМАТИКАСЫ
1-отряд. ҚҰЙРЫҚТЫ АМФИБИЛЕР (САUDАТА НЕМЕСЕ URODELA) Құйрықты амфибилердің денесі бас, дене және құйрык бөлімдеріне бөлінген. Құйрықтары жұмыр, немесе екі бүйірінен қысыңқы болып келеді. Қейбіреулерінің құйрығының үстіңгі жағында жал сияқты тері қатпары болады. Көбінің аяқтары жақсы дамыған. Алдыңғы және артқы аяқтарының ұзындығы бірдей. Кейбір түрлерінің (сирендердің) артқы аяқтары болмайды.
Омыртқалары амфицельді, немесе опистоцельді болады. Дене омыртқаларына қабырға жоралғылары бекиді. Құйрықсыздарға қарағанда бұлардың бас сүйектері айқын жіктелген. Маңдай және төбе сүйектері бірігіп кетпеген, бір пар сына тәрізді көз сүйектері болады. Бұғана сүйегі болмайды. Құйрықсыздан айырмашылығы кәрі жілік пен асықты жілік екі сүйектен (шыбық, шынтақ, асықты жілік және шыбығынан) тұрады.
С а л а м а н д р а л а р т ұ қ ы м д а сы (Sаlаmапdігіdіае). Дене пішіндері кесірткелерге ұқсайды. Ұзын құйрықтары жұмыр, немесе екі бүйірінен кысыңқылау келеді. Аяқтары жақсы-рақ дамыған. Личинкалары сыртқы желбезекпен тыныс алады. ал ересектерінде желбезек болмайды — өкпесі және терісі арқылы тыныс алады.
А м ф и у м д а р т ұ қ ы м д а с ы н а (Аmрһіиmііае) осы кездегі ең ірі амфибилердің бірі болып саналады. Кейбіреулерінің денесінің ұзындығы бір метрге жетеді. Аяқтары өте нашар дамыған, іс жүзінде жүруге жарамайды. Қабағы жоқ, өкпелерімен тыныс алумен қатар, ішкі желбезек арқылы да тыныс алады.
Ж а с ы р ы н қ а н а т т ы т ұ қ ы м д а с ы н а (СгуріоЬгапсһМае) осы кездегі қарапайым құрылысты құйрықты амфибилер жатады. Ұрықтану оларда сыртта болады. Бұған мысалға Жапонияның гигант саламандрасын (МеgаІоЬаtгасһиs jаропі-сиs) алуға болады. Оның ұзындығы 150 сантиметрге жетеді.
П р о т е й л е р т ұ қ ы м д а с ы н ы ң (Ргоtеіdае) екі ғана түрі белгілі. Оның біреуі Балқан түбегінің жер асты суларын мекендейді. Протейлердің сыртқы желбезектері өмір бойы сақталады, соған қарағанда неотеникалы формаларының болуы мүмкін. Көздері терілерінің астында жатады.
С и р е н т ұ қ ы м д а с ы н ы ң (Sігепіdіае) Солтүстік Америкада кездесетін екі түрі бар. Сирендердің сыртқы желбезегі өмір бойы сақталады және ішкі желбезектердің рудиментті саңылаулары болады. Артқы аяқтары жоқ, алдыңғы аяқтары нашар дамыған. Көздері терімен қапталған. Денелері жалпы алғанда угор тәрізді, 60—70 см болады. Батпақты жерлерде түбірдің астын мекен етеді.