1.Ішек микрофлорасымен утилизацияланады және оның қалыпты
құрамы сақталады
2.Суды адсорбциялайды және ішек қуысында ұстап тұрады.
3.Нәжіс массасының көлемін ұлғайтады.
4.Ішек қабырғасының қысымын қалыпты жағдайда ұстап тұрады. Ішекте
түзілетін кейбір улы заттарды өзіне қосып алып усыздандырады, сонымен
қатар радионуклидтерді адсорбциялайды.
Көмірсулардың қорытылуы.
Көмірсулардың қорытылуы – тағам құрамындағы ди-, олиго-,
полисахаридтер сілекей сөлімен, ұйқы безі сөлімен және ішек клеткалары
сөлімен бөлінетін ферменттердің әсерінен гидролизденеді. Гидролаза
класына жататын гликозидаза тобының ферменттері көмірсулардың
молекулаларындағы гликозидті байланыстырды гидролиздейді.
Ауыз қуысында көмірсулар сілекей сөліндегі α -амилаза әсерінен
қорытылады. Фермент ауыз қуысына құлақ маңы безінен бөлінетін сілекей
құрамында секрецияланады. Ауыз қуысында сілекей сөлінің рН-6,5-6,8 тең
болатын буферлік жүйе ферменттің әсер етуіне қолайлы жағдай туғызады.
Бұл кезде α – амилазаның әсерінен крахмалдың ірі фрагменттері
декстриндерге
гидролизденеді.
Сілекейдегі
бактерия
флорасының
гликозидазалары:
сахараза
–
сахарозаны;
мальтаза
мальтозаны
гидролиздейді. Сонымен қатар сілекейдегі фукозидаза, нейраминидаза,
гиалуронидаза ферменттері тіс пелликуласындағы муциндердің спецификалы
көмірсу компоненттерін ыдыратып, тіс эмалін зақымдайды.
Асқазан сөлінің рН-1,5-2,0 өте қышқыл орта болғандықтан онда
көмірсулар қорытылмайды, ал ас түйіріндегі сілекей сөлімен түскен α-
амилаза
инактивацияланады.
Асқазанда
көмірсуларды
ыдырататын
ферменттер түзілмейді, яғни асқазанда көмірсулар қорытылмайды.
Аш ішекте көмірсулардың қорытылуы жалғасады. Себебі ұйқы безі сөлі
және ішек клеткаларынан ферменттер бөлінеді. Ұйқы безі сөлімен он екі елі
ішекке ұйқы безінің α-амилазасы бөлінеді. Фермент рН – 7,5-8,0 ортада
крахмалдағы және декстриндердегі х-1,4-0- гликозидті байланыстарды
ыдыратып, мальтозаларға және изомальтозаларға айналдырады.Крахмал
гидролизденгенде альтоза және изомальтоза түзіледі, ал лактоза мен сахароза
тағаммен түседі. Дисахаридтер ішек клеткаларында синтезделетін сәйкес
ферменттермен гидролизденеді. Олар ферментативті комплекстер түзеді. Бұл
комплекстер эттероциттердің беткі жағында орналасқан.
Олигосахаридтердегі α 1,4 –0- гликозидті байланысты
гликоамилазды
Достарыңызбен бөлісу: