Моносахаридтердің ішекте сіңірілуі.
Глюкозаның және басқа моносахаридтердің сіңірілуі аш ішектің
энтероциттерінде екі жолмен жүреді.
Концентрация градиентімен
жеңілдетілген диффузия жолымен және Na
+
ионы концентрациясы градиенті
есебінен активті тасмалдану арқылы сіңіріледі. Nа
+
ионы концентрациясы
градиенті есебінен сипорт механизмі бойынша активті тасымалданады.
Энтероциттерден қанға глюкоза жеңілдетілген диффузия арқылы түседі.
Қандағы глюкоза тіндер клеткаларына арнайы тасымалдаушы белоктардың
(glucose transporter) қатысуымен жеңілдетілген
диффузия механизмі
бойынша түседі.
Глюкозаны тасымалдайтын арнайы белоктардың 5 түрі белгілі. Олар әр
түрлі тіндерде: Glut-1 мида; Glut-2 бауырда және ұйқы безінде; Glut-3
көптеген тіндерде, сонымен қабар нерв тінінде және бүйректе; Glut-4 бұлшық
етте және майлы тіндерде; Glut-5 аш ішекте кездеседі.
Глюкозаны
тасмалдайтын барлық белоктар клетканың плазматикалық мембранасында
және цитоплазмадағы везикула мембраналарында болуы мүмкін. Бірақ тек
Glut-4 цитоплазманың везикуласында орналасқан. Ол ұйқы безінде түзілетін
инсулин гормонының қатысуымен майлы
және бұлшық ет тіндері
клеткаларының
плазматикалық
мембраналарына
тіркеледі.
Осыған
байланысты бұлшық ет пен майлы тіндерге глюкозаның түсуі инулинге
тәуелді болады, сондықтан олар инсулинге тәуелді тіндер деп
аталады.Қорытылу барысында түзілген моносахаридтердің 80 %-ын глюкоза
құрайды. Моносахаридтердің сіңірілуі жылдамдығы әр түрлі болады.
Глюкоза және галактоза басқа моносахаридтерге
қарағанда жылдамырақ
сіңіріледі. Манноза, ксилоза және арабинозалардың сіңірілуі қарапайым
диффузия жолымен жүзеге асады. Глюкоза мен галактоза Nа
+
тасымалданумен түйіскен екіншілік активті
тасымалдану арқылы сіңіріледі,
ал фруктоза жеңілдетілген диффузия жолымен сіңіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: