Малатты шөрнек механизмі
түзілген 1 АТФ (12 АТФ молекуласын береді).
Глюкоза ыдырағанда 2 молекула активті сірке қышқылы түзіледі. Сол
себепті әрқайсысы 12 + 12 АТФ, жалпы 24 АТФ түзіледі.
Сонымен
цитоплазмада 2 АТФ, митохондрияда түзілген 6 АТФ + 24 АТФ қосылып
32 АТФ береді және қосымша АТФ түзіледі. Митохондрияда шөрнек
механизмі кезінде 4 АТФ, малат шөрнек механизмі кезінде 6 АТФ,
нәтижесінде 1 молекула глюкоза ыдыраған кезде 36 немесе 38
молекула
АТФ түзіледі.
Глюкозаның пентозофосфатты тотығу жолы
Пентозофосфатты цикл – күрделі анаэробты процесс көптеген
ферменттердің қатысуымен цитоплазмада жүреді, негізінен 3-саты
арқылы
жүзеге асады.
1 саты – тотығу фазасы, дегидрогеназды – декарбоксилдену жүйесі арқылы
іске асады.
2 саты – изомерлену фазасы изомерлену жүйесіне
қатысатын ферменттер
катализдейді.
3 саты – синтезделу фазасы.
Глюкозаның гликолитикалық және пентозофосфатты тотығу
жолдарының ерекшеліктері
Гликолитикалық тотығу
жолы
Пентозофосфатты тотығу
жолы
1. универсальды химиялық АТФ
энергиясы түзіледі.
1. НАДФН
2
көзі болып табылады
2. Анаэробты гликолиз кезінде
глюкоза үш атомды көмірсу
фрагментіне дейін ыдырайды.
Глюкозаның толық ыдырауы үшін
оттегі қажет және ол процесс
митохондрияда жүреді.
2.
Анаэробты
жағдайда
цитоплазмада
жүреді,
пентозофосфатты жол арқылы
глюкоза
көмірқышқыл
газына
дейін ыдырайды.
3. Аралық алмасу кезінде түзілген
фосфотриозалар липидтердің
синтезіне жұмсалады, пирожүзім
қышқылы қайта аминдену
реакциясына және ацетил-КоА
түзілуіне жұмсалады, түзілген ацетил-
КоА-ны бос май қышқылы,
холестерин және кетон денелер
синтезіне жұмсалады.
3. Аралық өнімдері, яғни
пентозалар нуклеопротеидтердің,
нуклеин қышқылдардың, кейбір
коферменттердің синтезіне
жұмсалады.
4. Көптеген реакциялары қайтымды.
4. Процесс қайтымсыз.
5. Гликолитикалық жолмен
салыстырғанда жылдамырақ жүреді.
НАДФН
2
күшті
тотықтырғыш болып саналады, сол себепті бос май
қышқылының, холестериннің синтезіне және
биливердиннен билирубиннің
түзілуіне жұмсалады. Клеткада аммиакты,
көптеген улы заттарды
усыздандырады, глутатионды тотықсыздандырады.
Достарыңызбен бөлісу: