Сабақ Тақырыбы: Көмірсулар алмасуы. Анаэробты гликолиз. Кори циклы



Pdf көрінісі
бет16/19
Дата25.10.2022
өлшемі0,98 Mb.
#45260
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Галактозаның метаболизмі. 
Лактоза ішекте гидролизденгенде галактоза түзіледі. Галактоза 
метаболизмінің бұзылуынан тұқым қуалайтын ауру-галактоземия пайда 
болады. Бұл гексозо-1-фосфатуридилтрансфераза ферментінің туа біткен 
ақауының салдарынан болады. Нәресте туылғаннан кейін көп ұзамай сүт іше 
бастағанда құсу, іш өту, дегидратация, дене массасының азаюы, сарғыштану 
сияқты көріністер галактоземияның байқалуы болып табылады. Нәрестенің 
қанында, зәрінде және тіндерінде галактоза мен галактозо-1-фосфаттың 
концентрациясы жоғарылайды, көп ұзамай хрусталлик катаракты, 
гепатогемегалия, бүйрек пен бас миының зақымдануы байқалады. Ауыр 
жағдайларда нәресте өлімге ұшырайды. Сирек жағдайда галактоземияның 
пайда болуына галактозаның метаболизміне қатысатын басқа ферменттердің 
– 
галактокиназаның 
және 
УДФ-глюкозо-4-эпимеразаның 
тұқым 
қуалаушылық ақауларынан пайда болады. Бұл ақаулардың клиникалық 
байқалуы онша анық байқалмайды. 
 Көмірсу алмасуының бұзылыстары. 
Эндокринді жүйенің зақымдануына байланысты организмде көмірсу 
алмасуының бұзылуы байқалады. Көмірсу алмасуының бұзылуы кезінде 
қанның құрамында глюкоза жоғарылайды, бұл гипергликемия деп аталады. 
Ал қанның құрамында глюкозаның мөлшері төмендесе гипогликемия деп 


аталады. Қанның құрамындағы глюкоза қалыпты мөлшерден артып кетсе 
зәрмен бірге көп мөлшерде сыртқа шығарылады, бұл глюкозурия деп 
аталады. 
Қантты диабет. Инсулиннің жетіспеушілігінен қантты диабет ауруы 
пайда болады. 
Қантты диабет кезінде организмде глюконеогенез, гликогенолиз процестері
басымдау жүреді. Гликогеннің синтезі (гликогеногенез) мүлдем жүрмейді 
және глюкозаның ыдырауы мүлдем тоқталады. Сол себепті қанның 
құрамында глюкозаның мөлшері жоғарылайды, бұл жағдай гипергликемияға 
әкеледі. Қан құрамындағы глюкоза мөлшерінің артуы нәтежесінде ол зәрге 
өтеді. Қантты диабет кезінде мембрананың өткізгіштігі төмендейді, яғни 
глюкоза клетканың ішіне өте алмайды. Глюконеогенез процесінің басымдау 
жүру себебі, сол процеске қатысатын ферменттердің синтезі жоғарылайды. 
Организмге инсулинді егу арқылы метаболиттік өзгерістер реттеледі. 
Глюкоза үшін мембрананың өткізгіштігі артады, глюконеогенез және 
гликогенолиз процестері қалыпты жағдайда жүретін мөлшерге сәйкестенеді. 
Инсулин 
генетикалық 
тұрғыда: 
гексокиназалардың, 
фосфофруктокиназалардың 
және 
пируваткиназалардың 
синтезін 
қадағалайды. 
Бұл 
ферменттердің 
синтезінің 
индукторлары 
кортикостероидтар болып табылады. 
Қантты диабет кезіндегі гипергликемияның пайда болуы, көбінесе 
орталық нерв жүйесінің импульстарының хеморецепторлық клеткаларының 
қозуына байланысты деп есептеуге болады. Қанның құрамында мөлшерден 
тыс глюкоза жоғарылайды (гипергликемия) гипофизарлы ауруларда, бүйрек 
асты безінің милы қабатындағы ісік ауруы кезінде, қалқанша безінің 
гиперфункциясында. Бауырдың қабынуы немесе дегенеративтенуі кезінде 
(бауыр ауруларында) мидағы қанайналымның бұзылуы кезінде және ОЖЖ 
органикалық зақымдалулары кезінде гипергликемия пайда болады. Бауыр 
клеткада көбінесе глюкозаның тұрақты мөлшерін сақтап отыруға зор үлес 
қосады. Сол себепті бауыр қызметінің бұзылуы кезінде гипергликемия 
байқалады. Қант диабеті кезінде клеткада кетон денелері көбейеді, яғни 
олардың мөлшері шектен тыс артып кетеді. Кетон денелерінің көбейіп кету 
салдарынан зәрде (ацетон) пайда болады. Зәрде кетон денелері пайда болуы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет