Топқа бөлу ойыны. Наурыз көже, бауырсақ, құрт, шұжық топтары құралады. - Дәмдік талғамдары бірдей оқушылар бір топ боласыздар. Топпен бірге орындарыңызға жайғасыңыздар.
- Слайдта берілген 4 фигураның біреуін топпен таңдау қажет.
- Жақсы, рақмет. Ал бұл фигуралар бекер таңдалған жоқ, әр фигураға қатысты тапсырма орындаймыз.
Сонымен үшбұрыш таңдаған топ тиянақты, жауапты оқушылардан құралғандықтан сіздер «Power Point» бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қазақтың салт-дәстүрлері тақырыбында презентация құрасыздар.
Зигзакты таңдаған топ креативті, сөзге шешен оқушылардан құралғандықтан сіздер «Іmektep» порталының көмегімен, Наурыз мейрамы жайлы өлең құрастырасыздар.
Дөңгелекті таңдаған шығармашылық, сыни тұрғысынан ойлай алатын топ «The gimp» немесе «Inkscape» бағдарламасында ұлттық тағамдардың суретін жасап шығаруларыңыз қажет.
Төртбұрыш таңдаған студенттер сенімділік, нақтылық қасиеттерімен ерекшеленеді. Сондықтан сіздер ұлттық ойындар жайлы интернет көмегімен нақты, қызықты ақпараттар жинайсыздар. Сіздерге 20 минут уақыт беріледі. Бастаймыз.
Уақыт аяқталды. Әр топ жұмыстарыңызды «Сlass room-ға» жіберулеріңізді сұраймын. Ортаға шығып, өз тақырыптарымызды аудиторияға таныстырамыз. Әр топқа 3 минут уақыт беріледі.
Жұмыстарды таныстыру.
Барлық топтарға рақмет! Өте құнды ақпарат алдық.
Интерактивті тақта, ноутбуктар,интернет, «The gimp» немесе «Inkscape» бағдарламасы
«Power Point» бағдарламасы,
«Gmail.com»
https://imektep.kz/kz/shygarmashilik-zhumis
16.45-17.00
- Сабақты қаншалықты меңгергенізді тексеру үшін, ноутбугы жоқ оқушылар жәшіктен ноутбук алыңыздар. Барлығымыз «Kahoot» программасына кіріп, өз-өзімізді бағалау үшін кішігірім тест өтеміз. Бастаңыздар.
- Жақсы, рақмет! Сонымен қымбатты студенттер, ұлттық құндылықтарды дамытып, жандандыру қажет деген қорытындыға келе аламыз. Тарихқа көз жүгіртсек, біз дұшпанды басындырмаған, басынан сөз асырмаған рухты елміз. Сол рухымыздан таймай, еліміз бен жеріміз үшін жауапты болайық! Төл мерекеміз Наурыз мейрамы барлығымызға құтты болсын! Қазір сіздер қоғамның 20% ғана құрасаңыздар, ертең сіздер осы мемлекеттің 80% боласыздар. Болашақ сіздердің қолдарыңызда! Осыны ұмытпай, ұлттық рухты, жалпыадамзаттық құндылықты ұштастыра алатын саналы жастар болайық!
- Тәрбие сағатымыз аяқталды, әдеттегідей, рефлексия жасайық. Рефлексия сұрақтары:
«Бутерброд» әдісі
- Не білдің?
- Нені үйрендің?
- Не түсініксіз болды?