3-топ тапсырмасы. Ұсынылған мәтіндер бойынша төмендегі тапсырмаларды орындайды.
Үзінді бойынша сұрақ дайындаңыз.
Кейіпкерге мінездеме беріңіз.
Екі жақты түсініктеме күнделігін толтырыңыз .
Дескрипторлар:Үзінді бойынша сұрақ дайындайды; Кейіпкерге мінездеме береді; үзіндіден үзінді алып, пікірін білдіреді.
Үзінді
Менің пікірім
Ал Николай Ермилович Алексеев – бір жосын балажан адам. Қашан көрмесін, кімге болмасын, «әкебас, көкебас» деп құрақ ұшып елпілдеп тұрады. Қыр дәстүрін жақсы біледі, қазақшаға да судай. Сол себептен де қиыр шеттен келген, бұған дейін кең далада еркін өскен ауыл, село балалары Николай Ермиловичке көбірек үйір. Үйір болатын тағы бір себебі: Алексеевтің гармонь, сырнай, балалайкада бірдей ойнап, орыстың, қазақтың, татардың неше алуан халық әндерін музыка бөлмесінде сыңсытып отыратын өнерпаз қабілеті; қалайда онымен бірге жүрсең – зерікпейсің; ең құрығанда ертегі айтқызып, болмаса жұмбақ айтысып отырады; ал оның «Кодак» фотоаппаратын сатып алғаны тіпті тамаша бол-
ды. Шәкірт атаулы түгелдей фотоәуесқой болып кетті... Өзі оқытатын жаратылыстану пәнін Алексеев шәкірттеріне
ұғынықты, мейлінше ұтымды жолмен жеткізуге тырысады: Ертістің шалқар жағасын кезеді; жағалауда шоқтанып өскен тоғай ішінен гербарий жинатады; Павлодар мещандары әжуа етіп күле
қарайтын әуесқой астроном Гришка-кезбенің шатырына ертіп апарып, жұлдыздар жымыңдаған аспан әлеміне телескоптан сығалатады; жүрген жерінен түрлі түсті тас жинату да Николай Ермиловичтің ойлап тапқан ермегі; солардың әншейін тас емес, ғылымға пайдасы зор қымбат зат екенін, минерал аталатынын да шәкірттер тұңғыш рет сол кісіден естіген; соның бәрінен де, сірә, ең әсерлісі – қала іргесіндегі Коряков тұз кәсіпшілігіне саяхат болса керек...