-тапсырмада оқушылар тірек-сызбалар арқылы жұмыстанады. Әрқайсысы тапсырма түрлерін бөліп алады, қорытындысында жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады
1-тапсырмада оқушылар тірек-сызбалар арқылы жұмыстанады. Әрқайсысы тапсырма түрлерін бөліп алады, қорытындысында жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады.
Екі жұлдыз, бір тілек арқылы топтар бірін-бірі бағалайды. Берілген үзінді кейіпкерлеріне талдау жасау. ТЖ 1- топ тапсырмасы. F /Дерек/ – шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау; I /Пікір/– кейіпкер туралы өзінің ой- пікірі; L /Сұрақ/– кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар; A /Іс-әрекет/– автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілі . Дескрипторлар: шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинайды; кейіпкер туралы өзінің ой- пікірін білдіреді; кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар құрастырады; автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілін көрсетеді.
Деректер
Ойлар
Сұрақтар
Іс-әрекет
Оқу басталуға екі-үш күн қалғанда Әбікей ағасы немере інісін училищеге апарды. Меңгерушісі Овсянников шашы едірейген, ұзын бойлы кісі екен. Қаныштың Ақкелін мектебін екі жылда жедел бітіргендігі туралы куәлігін қолына алып:
– Үздік бітіргенің бек қуантады, шәкірт Сәтбаев! – деп қарсы алдында
монтиып тұрған жасөспірімге барлай қарайды. – Ал, қане, қымбаттым, бір өлең оқып жібер. Қаныш қызараңдап ағасына қарайды. Әбікей Зейінұлында үн жоқ, жайбарақат отыр.
– Мұныңыз қалай, қымбаттым? Ұмытып қалдың ба? Түсінемін, жаз
қызығы, жайлауға шыққан ауыл, кең дала...
– Қандай өлең тыңдауға ықылас етесіз, мәртебелі мырза? –
дейді Қаныш кенет Овсянниковке жасқана қарап.
– Мені Яков Игнатьевич деп атауыңызды өтінемін. Кімнің шығармасын жатқа білесіз, рақым етіңіз, соны оқыңыз. Ұстазы Григорий Васильевич үйреткендей, Қаныш қақшиып тұра қалып, самбырлаған ашық дауыспен:
– Русский стихотворец Федор Иванович Тютчев, «Весенняя
гроза», – деді де, рұқсат күткендей ересектерге қарады.
– Неге бөгелдіңіз?
Люблю грозу в начале мая, Когда весенний, первый гром, Как бы резвяся и играя, Грохочет в небе голубом... Балақан мүдірген жоқ, заулата жөнелді, әр ырғаққа, тыныс белгісіне мән бере, мәнерлі үнмен оқыды. Әр сөзін тақ-тұқ, мәнін жеткізе айтады. Әлгінде қаһарлы сияқтанған меңгерушінің жүзі де жыли бастады.
– Алғашқы таныстық үшін жарап тұр! Ризамын, қымбаттым, бек ризамын!..