Сабақ тақырыбы Механикалық және магнит өрісінің энергиялары арасындағы сәйкестік



бет2/4
Дата17.05.2023
өлшемі35,8 Kb.
#94025
түріСабақ
1   2   3   4
Мәселелік сұрақ:
- Сіз қалай ойлайсыз, магнит өрісінің энергиясы қандай шамаларға тәуелді?
(оқушылар барлық жауаптары тақтаға жазылады)
- Сабақ мақсатын, мақсатқа қол жеткізу критерийлерін құрастырыңыздар.
(Оқушылар сабақтың мақсаттарын өздігінен құрастырады, кейін интерактивті тақтаға сабақтың мақсаттарының дұрыс тұжырымы көрсетіледі).


Жаңа материалды меңгеру
Жұппен жұмыс. Оқушыларға өздік индукция және инерция арасындағы ұқсастықты айқындау тапсырмасы беріледі (тізбекте I шамасы бар электр тогын тудыру процесінің және белгілі бір υ жылдамдықтағы қандайда бір дененің табу процесінің).
Барлық оқушылардың жауаптарын тақтаға жазу керек, содан кейін жауаптың дұрыстығы жөнінде кері байланыс беру.
Оқушылардың ықтимал жауаптары

  1. Катушка тізбекке қосылған кезде ток бірте-бірте жоғарылап, I мәнінің белгілі бір мәніне ие болады.

  2. Орнынан қозғалған автокөліктің жылдамдығы бірте- бірте көбейеді және біраз уақыттан кейін белгілі бір υ жылдамдыққа ие болады.

  3. Тізбекті тұйықтағанда индуктивтілігі бар ток қандай да бір мәнге ие болу үшін жұмыс жасауы керек.

  4. Автокөлік қандай да бір жылдамдыққа жету үшін жұмыс жасау керек.

  5. Шарғының L индуктивтілігі көп болған сайын, I токтың өсуі баяулайды.

  6. Автокөліктің массасы үлкен болса, υ жылдамдығы соғұрлым аз болады.

Мұғалімнің толықтауы:
Өздік индукция мен инерция арасындағы ұқсастықты қолданып токтың магнит өрісінің энергиясының формуласын қорытып алуға болады.
- Жоғарыда айтылғандардан қорытынды жасауға болады, өздік индукцияда жылдамдық рөлін тізбектегі ток күші атқарады, ал массаның - индуктивтілік.
I тогын тудырған кезде тізбекпен қабылданатын Wм энергияны анықтау үшін осы деректі қолданайық. Бұл энергия υ жылдамдығы бар қайсыбір дененің Ек ұқсас.
Ньютонның екінші заңынан белгілі болғандай, бұл

Демек, токтың энергиясы үшін формуланың құрылымы сондай болу керек. Ақырғы формуладағы υ ны I -ға, m -ді L - ға ауыстырған кезде, мынандай формула аламыз. Есептеулердің қорытындысынан токтың магнит өрісі энергиясының өрнегі бұндай болады.

- Соңғы формулаға мұқият қарап, магнит өрісінің энергиясы қай жерде шоғырланғанын айтыңыз?
(Электр тізбегінде магнит өрісінің энергиясы катушкаларда шоғырланған)
Электр және магнит өрістері бойынша оқушылардың білімдерін жалпылау.
Топтық жұмыс. Венн диаграммасын қолданып оқушылар электрлік, магниттік және гравитациялық өрістер туралы білімдерін жүйелейді.
Қиындық тудырған оқушыларға келесі параметрлерді ұсынуға болады:
- өріс көзі
- күш сызықтары
- тұйықталған траекториядағы жұмыс
- потенциалды немесе потенциалды емес.
Оқушылар сағат тілімен критерийлер бойынша бір-бірін бағалайды (оқушылар өз маркерлерімен басқа топтардың жауаптарын толықтыра алады, осылайша өзара оқыту жүзеге асырылады).
Қажет болған жағдайда мұғалім оқушының жауабына түзетеді, түсініктеме береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет