Сабақ тақырыбы Мейірімді Нұрай №9 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет3/5
Дата15.10.2023
өлшемі184,16 Kb.
#115187
түріСабақ
1   2   3   4   5
Caбaқтың oртacы
(8–30минут)

(Ұ) Грамматикалық қоржын. Септік және жіктік жалғауларын қайталайды.
Мен сындырып алды+м/ Мен көмектесе+мін
Сен ыдыс+ты сындырып алдың/ Сен анаң+а көмектесе+сің
Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жазады.
Мысалы:
Зере анасына көмектес... .
Ол гүл... су құйды.
Тиісті қосымшалар: - ге, -ты, -ті, -дың, -ны

(Ұ, МК) Оқушылар мәтінді 2 рет тыңдайды. Тыңдалым мәтінінде кездесетін таныс емес сөздерге түсінік беріледі. Алдын-ала дескриптормен танысады. Мәтін бойынша берілген тапсырмаларды орындайды.
Дескриптор:
1. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
2. Мәтіннің мазмұнын қысқаша айтады;
2. Тірек сөздерді қолданады;
3. Сөйлемдегі сөздердің жалғауларын дұрыс айтады.
Тірек сөздер: жексенбі, көмектесті, шаңын сүртті, су құйды, жуды, риза болды.
Кері байланыс: Тапсырманы орындау қиын болды ма? Не қиын болды?

Сергіту сәті
Қолды алға созайық,
Қайшы кескен болайық.
Бір, екі, үш, төрт,
Бір, екі, үш, төрт.
Енді еркін тыныстап
Демалайық дұрыстап.
Бір, екі, үш, төрт,
Бір, екі, үш, төрт.

Мәтінмен жұмыс.
Оқылым алды тапсырмасы:
(МК) Мәтінде кездесетін таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіру (мейірімді, жылады, құлыным, шындық, ақылды). Мәтінде тіркескен сөздермен бірге қайталайды. Мысалы: мейірімді қыз, Нұрай жылады, шындықты айтты, т.б.
Оқылым кезіндегі тапсырма:
(МК, Ұ) Мәтінді үш оқушы рөлге бөліп оқиды. (автор, әжесі, Нұрай)
Нұрай – өте мейірімді қыз. Ол бүгін әжесіне көмектесті. Ыдысты жуды. Бір ыдысты сындырып алды. Нұрай сынған ыдысты әжесіне берді. Әжесі:
- Кім сындырды? – деп сұрады.
- Мен, - деді ол.
Нұрай оған жылады.
- Жылама, құлыным! Сен өтірік айтпадың. Шындықты айттың. Сен ақылдысың, - деді әжесі.
М.Базарбайқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет