Сабақ тақырыбы Мейірімді Нұрай №9 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет4/5
Дата15.10.2023
өлшемі184,16 Kb.
#115187
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 9-сабақ. Мейірімді Нұрай. ҚМЖ

Оқылымнан кейінгі тапсырма
(Ж) «Кім тез» әдісі арқылы жұп болып мәтіннің мазмұны бойынша сұхбатқа түседі. (қабілетті оқушылар толық жауап береді, қалғандары қолдау арқылы жауап беруге ұмтылыс жасайды).
- Нұрай – қандай қыз? ...
- Ол кімге көмектесті? ...
- Ол нені сындырып алды? ...
- Қандай балалар өтірік айтпайды? ...
- Автор нені айтқысы келді деп ойлайсың?
Саралау тапсырмасы: Қабілеті жоғары оқушылар мәтіннің тақырыбын анықтайды. Нұрайдың әрекетіне қарай, мінездеме береді, дәлел келтіреді.
Оқушылар «Бір жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы өзара бағалайды (мәтінді рөлге бөліп дұрыс оқыды, сөздердің интонациясын дұрыс қойды, т.б.)
Мұғалім комментарий айту арқылы бағалайды (дұрыс құрдың, жаңа сөздерді орынды қолдандың, сөздерді дұрыс айттың, ойыңды жақсы жеткіздің, Нұрайдың мінезін сипаттай алдың және т.б)


(Т) «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі. Пазл арқылы 3 топқа бөлінеді, яғни тақырыпқа қатысты суреттерді құрастырады.
Топ ішінде бірігіп талқылауға және бір шешімге келуге жағдаят беріледі. Әр топ өз ұсынысын айтады.
Жағдаят: інің үстелде тұрған әдемі құмыраны сындырып алды. Ешкімге айтпай, қоқыс жәшігіне тастай салды. Сен оның құмыраны сындырғанын көрдің. Не істейсің?
«Бас бармақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды, бірнеше оқушының комментарийі тыңдалады.



Таныстырылым № 6

Таныстырылым № 7


Таныстырылым № 8

Таныстырылым № 9


Таныстырылым № 10



Сабақтың соңы
5 минут

Рефлексия: «Бес саусақ»

Бас бармақ – неден қиналдым?
Балаң үйрек – кімге көмектестім?
Ортан терек – көңіл күйім қандай болды?
Шылдыр шүмек – қандай жетістікке қол жеткіздім?
Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?


Үй жұмысы:
Үлкендерге қалай көмектесетіні туралы шағын мәтін жазып келу немесе мейірімділік, қамқорлық туралы мақал/мәтел жаттап келу (деңгейлеріне қарай).
«Есте сақта!» айдарын оқу.

Таныстырылым № 11

Таныстырылым № 12







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет