Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6.2А Рационал сандарға амалдар қолдану
|
Мектеп: «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ
|
Тексерілді ДОІЖО:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Мұсабек М.А.
|
Сынып: 6
|
Қатысқандар саны: түгел сынып
|
Сабақ тақырыбы
|
Мәтінді есептерді шығару
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.5.1.4 рационал сандарды қолданып мәтінді есептерді шығару;
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлығы: рационал сандарды қолданып мәтінді есептерді шығару
Көбі: мәтінді есептің шартын математикалық тілге аудару
Кейбірі: схема бойынша мәтінді есеп құрастыру және оны шешу
|
Бағалау критерийлері
|
1. рационал сандарды қолданып мәтінді есептерді шығарады
2. мәтінді есептің шартын математикалық тілге аударады
3. схема бойынша мәтінді есеп құрастырады және оны шешеді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
- рационал сандарды көбейтуді/бөлуді ауызша айқындайды;
- жай бөлшекті ондық бөлшекке және ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыруды түсіндіреді;
- шексіз периодты ондық бөлшектің периодын табуды түсіндіреді;
- мәтіндік есептерді шешу қадамдарын айқындайды;
- сандық өрнектің мәнін табуда амалдарды орындау ретін түсіндіреді;
- рационал сандарға амалдар орындау қасиеттеріне сүйенеді.
|
Бөлім бойынша лексика және терминология
| |
Құндылықтарды дарыту
|
Жауапкершілік, ынтымақтастық
|
Мәнмәтін (Пәнаралық байланыс)
|
Рационал сандарға амалдар қолдану күнделікті өмірде есептеулер жүргізу үшін маңызды. Жай бөлшектерді ондық бөлшектерге және керісінше айналдыру физикада, химияда және басқа да пәндерде сандық есептеулер жүргізуге көмектеседі
|
АКТ қолдану дағдылары
|
-
|
Бастапқы білім
|
Оқушылар жай бөлшек, бүтін сан, рационал сан ұғымдарын біледі; рационал сандарды қосу мен азайту амалдарын орындай алады
|
|