Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі.
1 - 3
|
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу; оқушылардың көңіл күйлерін білу;
Сабақтың мақсатын анықтау.
Мұғалім оқу мақсатына жету үшін ашық сабақты «Автокөлік» ойыны түрінде өтетінін хабарлайды.
|
|
Сабақтың басы
4 – 7 мин
|
Топтық жұмыс.
Тапсырмалардың орындалуы еңбек пен шығармашылық, ынтымақтастық, ашықтық сияқты құндылықтардың даруына ықпал етеді.
Оқушылар мұғалімнің алдын-ала топтарға бөлгені бойынша отырады, мұғалім ойын ережелерін түсіндіреді:
1-топтың атауы: Ferrari
2-топтың атауы: Honda
3-топтың атауы: Mercedes.
1. Дұрыс жауап берген команда, ұпайларды алады, яғни көліктің бөлшектерін жинайды
2. Ойынның соңында ең көп көліктің бөлшектерін жинаған команда жеңіске жетеді.
|
Презентация
|
Сабақтың ортасы
7 – 12 мин
14 – 20 мин
22 – 26 мин
28 – 33 мин
|
Саяхатты бастау (мәтінді есеп)
№1.Туристер 32 км жаяу жүрді, 104 км машинамен жүрді, 64 км өзенмен жүзіп өтті.
a) Барлық жолдың қандай бөлігін туристер жаяу жүріп өтті?
b) Жаяу жүрген жол өзенмен жүзген жолдан неше есе кіші?
c) Машинамен жүрген жол барлық жолдың қандай процентін құрайды?
Жауаптары: а) ; b) 2 есе; c) 52 %
Бағалау: Тексеру жұмысы презентациядағы дайын жауаптар арқылы іске асады.
|