Сабақ тақырыбы Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері



бет3/6
Дата06.01.2022
өлшемі154,3 Kb.
#16356
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Құндылықтарды дарыту

  • Есептердің шығару жолын талдау кезінде білім алушылардың бір – бірінің пікірімен санасып құрмет көрсету;

  • Берілген жұптық жұмыс тапсырмаларын орындауда ынтымақтастық пен жауаптылық әр түрлі пікірлерді қабылдай алу;

  • Білім алушылардың қзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту.

Пәнаралық байланыстар

Математика, экономика

АКТ қолдану дағдылары

Мультимедиалық тақта, компьютер, проектор, ғаламтор ресурстары

Бастапқы білім


Комбинаторика элементтері, ықтималдық түсінігі, Ньютон биномы, формулаларды қолдану.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин


І.Ұйымдастыру кезеңі.

Білім алушылардың зейініне назар аудару






Сабақтың ортасы

10 мин


5 мин

28 мин



1 сабақ

II Жаңа сабақ

Физикалық, химиялық, биологиялық құбылыстарды зерттеу үшін және өндірістің, экономиканың тағы басқа салалардың тапсырмаларын орындау үшін түрлі-түрлі тәжірибелер жүргізіледі.



Тәжірибелердің нәтижелерін оқиғалар деп атайды. Оқиға ұғымының басқаша түсініктемелеріне тоқталайық.
Оқиғалар алгебрасы:

Элементар оқиға деп сынақтың (эксперименттің , тәжірибенің) қандай да бір нәтижесін айтады, яғни сынақтың әрбір «жіктелмейтін» нәтижесін айтады. Мысалы, ойын сүйегін бір рет тастағанда 1, 2, 3, 4, 5, 6 ұпайларының бірі түсуі мүмкін.

Белгілі бір жағдайда орындалатын немесе орындалмайтын құбылыстарды кездейсоқ оқиғалар деп атайды. Элементар оқиғалар кеңістігінің әрбір ішкі жиынын кездейсоқ оқиға деп атайды.

Берілген шарт бойынша міндетті түрде орындалатын оқиға ақиқат оқиға деп аталады. Ал берілген шарт бойынша орындалмайтын оқиғаны жалған (мүмкін емес) оқиға деп атайды.

Бір сынақ нәтижесінде қатар орындалуы мүмкін емес екі кездейсоқ оқиғаны өзара үйлесімсіз оқиғалар деп атайды. Ал өзге оқиғаларды, яғни сынақтың қандай да бір нәтижесінде қатар орындалуы мүмкін оұиғаларды үйлесімді оқиғалар деп атайды.

Ықтималдықтың классикалық анықтамасы

Айталық, U = {A1, A2, … An} элементар оқиғалар кеңістігі мен A = {, , … }, мұнда , (k=1, 2, …, m), кездейсоқ оқиғасы берілсін. , , … элементар оқиғаларын А оқиғасына қолайлы нәтижелер деп атайды.

Анықтама. AU кездейсоқ оқиғасының ықтималдығы деп А – ға қолайлы нәтижелер санының барлық мүмкін нәтижелер (барлық элементар оқиғалар) санына қатынасын айтады және оны Р(А) арқылы белгілейді.

Сонымен анықтама бойынша

Бұл анықтаманы ықтималдықтың классикалық анықтамасы деп атайды, өйткені мұнда қарастырылатын барлық элементар оқиғалар өзара тең мүмкіндікті оқиғалар болып табылады.
Анықтаңдар:

Сенбі күні поездың кешігуі, мүмкін оқиға

Тиынды бір рет лақтырғанда , елтаңба бетінің түсуі, кездойсоқ оқиға

Үш рет ойын сүйегін лақтырғанда 19 ұпайдың болуы мүмкін емес.

Бұл тұжырымдар қандайда бір шарттарға сәйкес кездейсоқ оқиғаның орындалу ықтималдығын аңғартады.

№1 (ауызша). Әрбір жағдайда қайсысы тәжірибе қайсысы оқиға болатынын көрсетіңіз:

1) Мен лотерея билетін сатып алмай лотереяда ұттым.

2) Мен жазған кезде бірде-бір қате жіберген жоқпын.

3) Маған сыйлаған телефонның кемістігі бар екен.
№2 Ұсынылған тәжірибе үшін 4-6 оқиғаны ойлап тап, олардың арасында кездейсоқ, шынайы және мүмкін емес болуы керек.


  • Топтағы бала санына байланысты





Дискриптор

Ұпай

1

Оқиғалар түрлерін анықтау

1

Оқиғалар: кездейсоқ, шынайы/ ақиқат және мүмкін емес

Кез келген тәжірибеге, оның мүмкін болатын нәтижелерінен тұратын элементар оқиғалар кеңістігін сәйкестендіруге болады.




PISA есебі -1: Дамир шаршылар тізбегін жасады. Әрбір жасаған сайын ол шаршының қабырғасын бірдей санға арттырып отырған. Төменде осы тізбектегі алғашқы үш шаршы бейнеленген.

Бесінші шаршының ауданы қанша болады?

А) 100 см2; В) 64 см2; С) 25 см2; D)10 см2.

Жауабы: Әрбір шаршы өлшемі 2 –ге артып отырғандықтан 4 шаршы өлшемдері 8 см болса, бесінші шаршы өлшемі 10 см тең болады. Шаршы ауданының формуласын қолданамыз: S=a2 = 102 = 100 cм2

А) 100 см2



Сұрақ түрлері: Толық жауапты қажет етеін сұрақ

Мазмұндық саласы: Кеңістік және пішін



Мәнмәтін: Жеке

Ойлау процесі: Түсіндіру

Деңгейі: 1 -деңгей
https://nao.kz/blogs/download/324



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет