Сабақ тақырыбы Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері


Жауабы: Жоқ, Ия, Ия, Жоқ, Ия Сұрақ түрлері



бет5/6
Дата06.01.2022
өлшемі154,3 Kb.
#16356
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Жауабы: Жоқ, Ия, Ия, Жоқ, Ия

Сұрақ түрлері: Қысқа жауапты қажет етеін сұрақ

Мазмұндық саласы: Саны

Мәнмәтін: Жеке

Ойлау процесі: Қолдану

Деңгейі: 1 -деңгей

http://oouk.vko.gov.kz/ru/files/sector5_01_28.pdf


III Бекіту.

Жұптық жұмыс
№4 Жәшікте 4 бөлшек: екі ақаусыз а және b және ақауы бар екі с және d бөлшек. Жәшіктен кездейсоқ бір бөлшектен алады, ақауы бар бөлшектердің бәрін алып шыққанша. Осы тәжірибенің қарапайым оқиғаларын әріптер реті түрінде жазамыз. Мысалы, abcd, cad, және т.б.

1) cdab осы тәжірибеде қарапайым оқиға бола ма?

2) Қарапайым оқиғаның жазылуы қандай әріптерге аяқталуы мүмкін?

3) Осы тәжірибенің қарапайым оқиғаларын жазып алыңдар.

4) Үш әріппен қарапайым оқиғаның қанша түрі жазылады ?
№5 Тиынды лақтырғанда О әрпімен елтаңбаның түсуін, ал Р әрпімен санның түсуін белгілейік.

1) Теңгені екі рет лақтырамыз. Осы тәжірибенің барлық қарапайым оқиғаларын жазып алыңдар.

2) Теңгені үш рет лақтырғандағы қарапайым оқиғаларын жазып алыңдар.

3)Теңгені үш рет лақтырғандағы екі рет лақтырғанға қарағанда қарапайым оқиғалардың саны неше есе көп ?

4)Теңгені 4 рет лақтырғандағы қарапайым оқиғалардың саны?
№6 Ойын сүйегін екі рет лақтырады. Осы тәжірибенің барлық қарапайым оқиғаларын жұп сандар түрінде жазыңыз, мысалы (1;6).

Төмендегі берілген жағдайлардағы шыққан қосындылардың қарапайым оқиғаларын көрсетіңіз:

1) 4 ұпайдан кем; 2) 7 ұпай; 3) 11 ұпай.

Төмендегі берілген жағдайлардағы шыққан көбейтінділердің қарапайым оқиғаларын көрсетіңіз:

1) 4 ұпайдан кем; 2) 7 ұпай; 3) 11 ұпай.
№7 Ойын сүйегін екі рет лақтырады. Келесі оқиғаларға қолайлы барлық қарапайым нәтижелерді жазып алыңдар:

А- ұпайлар саны бірдей шықты; В – әрбір лақтырылымда 3- ке еселі ұпайлар саны шықты; С- шыққан ұпайлар санының қосындысы 8-ге тең; D – шыққан ұпайлар санының көбейтіндісі 10-ға тең; Е –бірінші лақтырылымда 4 үлкен ұпайлар саны шықты.

Осы оқиғалардың әрқайсысына қанша қолайлы нәтижелер бар?
№8 Жәшікте 4 бөлшек: екі ақаусыз а және b және ақауы бар екі с және d бөлшек. Жәшіктен кездейсоқ бір бөлшектен алады, ақауы бар бөлшектердің бәрін алып шыққанша. Келесі оқиғаларға қолайлы барлық қарапайым нәтижелерді жазып алыңдар:

А –ақаусыз бір бөлшек алынды; В – екі бөлшек алынды; С – үш бөлшек алынды; D – екіден артық бөлшек алынды; Е - бірінші алынған бөлшек ақаусыз; F –соңғысының алдындағы алынған бөлшектің ақауы бар. Осы оқиғалардың әрқайсысына қанша қолайлы нәтижелер бар?


№11 Камила, Динара және Алия бір балмұздақтан сатып алды. Барлығы үш түрлі балмұздақ сатып алынды: кремді, шоколадты және құлпынай. Осындай эксперименттің қарапайым оқиғалары үшін лайықты белгілер жүйесін енгізіңіз. Келесі оқиғаларға қолайлы барлық қарапайым нәтижелерді жазып алыңдар: А – Динара құлпынай балмұздақ сатып алды; В – Алия шоколадты балмұздақ сатып алған жоқ; С – Камила не кремді, не құлпынай балмұздақ сатып алды.
№12 Асқар ойын сүйегін екі рет лақтырады. Түскен ұпайлар санының көбейтіндісі: а) 2; б) 1; в) 12; г) 36; д) 10; е) 11; ж) 9 болу үшін, қанша қолайлы жағдайлар керек?
Балдық жүйемен бағалау 3,2,1балл

1

Тақырыптың түйінін ашу




2

Мазмұнының түсініктілігі, рөлге енуі




3

Бірлесіп жұмыс жасау








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет