Жаңа тақырыпты ашу: №2 есеп: Мысықтың салмағы 4 кг, ал оның жаңа туған баласы соқырдың салмағы 0,08 кг. Мысықтың салмағы өз баласының салмағынан қанша есе ауыр тартады?
Ескерту: Мысықтың баласын жана туғанда соқыр деп, ал содан кейiн марғау деп те, мәулен деп те атайды.
Шешуі: Мысықтың салмағы өз баласының салмағынан қанша есе ауыр тартатындығын табу үшін мысық салмағын (4 кг) соқыр салмағына бөлу керек (0,08 кг), яғни 4-тің 0,08-ге бөліндісін табу керек.
Сыныппен осы мәселені шешу үшін талқыға саламыз. Санды ондық бөлшекке бөлудің, ондық бөлшекті натурал санға бөлуден қандай айырмашылығы бар екендігін анықтап, бүкіл сыныппен ережені алуға тырысамыз және презентациядағы 9 слайдты көрсетіп ондағы ережемен салыстырамыз.
Санды ондық бөлшекке бөлу үшін: 1) бөлгіште үтірден кейін қанша цифр болса, сонша цифрға бөлінгіштегі және бөлгіштегі үтірді оңға жылжыту керек; 2) Осыдан кейін ондық бөлшекті натурал санға бөлуді орындау керек. Есептің шешімін табу үшін жоғарыдағы ережені қолданамыз
(4 санын 400 түрінде, ал 0,08 санын 8 түрінде жазамыз да бөлуді орындаймыз)
Жауабы: мысық өз баласынан 50 есе ауыр.
Жаңа материалды бекіту: Жұппен жұмыс. Қатар отырған екі оқушы біреуі тақпен берілген есептерді, ал екіншісі жұппен берілген есептерді шығарады. Болғаннан сон бір –бірін тексереді және келесі жұппен салыстырады. Слайд арқылы жауабы берілген сон барып бір-бірлерін бағалайды.(11-12 слайд)
Қателік жіберген оқушылар слайдтағы мысалдарды жұппен талдайды және соған ұқсас есеп құрастырады және келесі жұппен тапсырма алмасады.(13-14 слайд)
Қалыптастырушы бағалау: 1. Ондық бөлшекті натурал санға бөлу кезінде бөліндіге үтірді қай кезде қоямыз?
2. Қай кезде бөлінді нөл бүтінмен басталады?
3. Бөлуді орындау үшін көп нүктенің орнына қандай санды қойамыз:
2,8:0,4= … :4=
4. 1,056: 0,16 мысалындағы бөлуді орындау үшін үтірді қай жаққа және неше орынға жылжыту керек?
5. Бөлуді орында: 0,3696: 0,084=