Сабақ тақырыбы Өнер-білім бар жұрттар



Дата25.04.2022
өлшемі145,83 Kb.
#32149
түріСабақ
Байланысты:
Досжанова А.

Әдебиеттік оқу пәнінен қысқамерзімді жұмыс жоспары


Досжанова Айнұр Медетбекқызы


Пән: әдебиеттік оқу


Мектеп: №1 мектеп-гимназиясы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-тарау Өнер

Күні:




Сынып: 3

Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар саны:



Сабақ тақырыбы

Өнер-білім бар жұрттар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету

3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру

3.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру

Сабақ мақсаттары

Шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру,

мазмұнын айту,тапсырмаларды орындау



Бағалау критерийлері

-Орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып, түзетеді.

- Сұрақтарға жауап береді.

-Шығарма мазмұны бойынша практикалық жұмыс жасайды.


Тілдік мақсаттар

Өнер, білім, айшылық

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік, сыйластық, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

дүниетану, өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

көрсетілім

Бастапқы білім

Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармаларын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы



Оқушылардың мотивациясы сынып бір топ ретінде болады және мектептен кейін өмірде де табысты болуы. Сыныпты белсендіру үшін сөз көшбасшыға беріледі.

Топқа бөліну

Оқушылар қима қағаздарды таңдау арқылы төрт топқа бөлінеді.

Балалар бүгінгі сабақты Монтескьенің сөзімен бастағым келіп отыр.

«Көп оқи беру керек, сонда ғана аздап бірдеңе білесің»


1-тапсырма «Есте сақта және жаз» әдісі

Тірек сөздерді жаттау.

Тірек сөздерді жаттауға уақыт беріледі. Жаттауға берілген уақыт аяқталғаннан кейін тірек сөздер жабылады, оқушылар жаттауға берілген уақытта сөздерді жатқа жазады. Жазып болғанннан кейін тірек сөздер ашылады, оқушылар дәптерлерімен алмасады, бір-бірінің жазылған сөздерінің санын санайды, мұғалімге хабарлайды.

Тірек сөздер

1-2. Ыбырай Алтынсарин

3-4.Өнер-білім

5.Жұрттар

6.Жылдам

7.Дүние


Дескриптор:

1.Тірек сөздерді жаттайды.

2.Тірек сөздерді жазады.

3.Дұрыс нұсқамен салыстырады.



4.Бір-бірлерінің дәптерлерін тексереді.

ҚБ « Мадақтау сэндвичі»

Оқушыларға imektep сайтынан Ыбырай Алтынсарин туралы бейнежазбаны көрсету

7 сөз-35 секунд

https://infourok.ru/prezentacii-po-biologii-na-temu-mitoz-klass-1848070.html

Интербелсенді тақта

https://www.youtube.com/watch?v=ArRFj7ZUuDo


Сабақтың ортасы

Белсенді оқыту әдістері

Сұрақ қою және талқылау




Берілген уақытта оқушылар оқулықтағы мәтінді оқып бітірулері керек. Мұғалім оқыған материал бойынша білімді тексеру мақсатында оқушылардан сұралатынын ескертеді.
2-тапсырма «Сұрақты ұстап ал» әдісі

Көшбасшы оқушы шығып, оқушыларға шығарма желісімен сұрақтар қояды.

1.Шығарманы жазған кім? (Ыбырай Алтынсарин)

2.Шығарманың тақырыбы қандай?( Өнер-білім бар жұрттар)

3.Қандай жұрттар жетістікке жеткен? (Өнер-білімге жақын адамдар)

4.Адамдар құстың ұшуына қарап нені ойлап тапқан? (Ұшақты)

5.Неден сарай салғызды? (Тастан)

6.Қандай жерден хабар алғызды? (Айшылық)

7.Хабарды қалай алғызды? (жылдам)

8.Қандай арбаны қолданды? (аты жоқ құр)

9.Аты жоқ құр арбаны қанша шақырым жерге барғызды? (мың)

10.Адамды қалай ұшырды? (құстай)

11.Кімді құстай ұшырды? (адамды)

12.От пен суға нені түсірді? (тамақты)

13.Несіз тамақ пісірді? (отынсыз)

14.Отынсыз не пісірді? (тамақ)

15.Несіз сусын ішкізді? (сусыздан)

16.Қайда балықтай жүзді? (теңізде)

17.Теңізде қалай жүзді? (балықтай)

18.Нені жалықпай кезді? (дүниені)

19.Дүниені қалай кезді? (жалықпай)

20.От пен суға нені түсірді? (тамақты)
Дескриптор:

1.Шығарманы түсініп оқиды.



2.Сұрақтарға жауап береді.

ҚБ «Отшашу » әдісі


3-тапсырма «Балалар философиясы» Топтық жұмыс

БФ балаларды (немесе ересектерді) сыни, байыппен, шығармашыл және бірлесіп ойлауға ынталандыруға бағытталған. Бұл мұғалімге қатысушылар сұрақтарды өздері құрастырып және өздері қоятын және «қалай оқу керектігін үйренетін» «сұраныстар қоғамын» құруға көмектеседі.



Ұйымдастыру:Орындықтарды шеңбер етіп қойыңыздар, (егер қажет болса) сөйлеушіні білдіретін бір затты алыңыз (мысалы, доп). Бөлме ішінде оқушыларға арналған ынталандыру материалдарын орналастырыңыз.

Жаттығудың сипаттамасы: Оқушыларға ынталандыру материалдарын толығымен қарауға бірнеше минут беру керек. Оқушылар шеңберге оралғанда, жауап беруі тиіс тақырыпқа/пәнге қатысты сұрақтарды ойластыру үшін, оларға бір-екі минут беріледі. Оқушылар пікір алмасып, мәселені талқылап, бір тоқтамға келу үшін дауыс береді. Мұғалім сұрақтарды дұрыс құра отырып, дамытатын сұрақтар қойып немесе әр оқушының қатысуын қамтамасыз ету үшін топпен бірге әрекет ете отырып, үйлестіруші ретінде қатысады.

Ынталандыратын материалдар: адам ойынан шыққан заттар



Оқушылар сол заттар туралы неден, не үшін жасалғанын не үшін қолданылатынын дәлелмен келтіреді.

Дескриптор:

1.Адам қолынан шыққан заттар туралы ойланады.

2.Өз тұжырымдарын айтады.



ҚБ: «Температураны өлшеу» әдісі
Бұл әдіс оқушылар тапсырманы қаншалықты дұрыс орындап жатқанын анықтау үшін қолданылады. Ол үшін оқушы қызметін тоқтатып, мұғалім оқушылардан: «Біз не істеп жатырмыз?» деп сұрайды. Оқушы жауаптарынан мұғалім олар қаншалықты тапсырманың мәнісін немесе оны орындау ретін түсінгенін анықтай алады.

3 сынып әдебиеттік оқу оқулығы

https://www.google.kz/search?biw=1366&bih=625&tbm=isch&sa=1&ei=
http://www.thinkingeducation.co.uk/p4c.htm )

https://www.google.kz/search?tbm=isch&sa=1&ei=Ba5cXb2HKK6SmwWo2J3oDQ&q=бағалау+әдістері&oq



Сабақтың соңы

4-тапсырма Диаграмма Кэрролл (Жұптық жұмыс) саралау тәсілі

Оқушыларға кесте беріледі. Олар жұптасып, кестені толтырады.






Өнер

Білім

сөз





мақал





Дескриптор:

1.Өнер, білімге қатысты сөздерді жазады.

2.Өнер мен білім туралы мақал-мәтелдер жазады.

Кері байланыс:

Социометрия әдісі

Оқушының аты жөні:

_____________

Өте жақсы

3

Жақсы


2
1 Орташа

Өлеңді Мазмұнын Сұрақтарға

мәнерлеп айта аламын жауап беремін

оқи аламын



Рефлексия

https://www.google.kz/search?q=диаграмма+кэрролл&source



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Білім алушылардың қажеттілігін ескере отырып, саралап оқытудың тиімді болатынын түсіндім. Әрбір оқушының қажеттілігін ескере отырып, сабақтағы тапсырмалар сараланды.

Саралап оқытудың «Тапсырма» тәсілі бойынша әр түрлі тапсырмаларды түрлендіріп ұсынамын, кейбір оқушыларға тапсырманы жан-жақты көмек қажет болғандықтан саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» бойынша алдын-ала дайындаған сұрақтарды бағыттап отырамын.

«Қорытынды» тәсілі арқылы барлық оқушылар бір тапсырма орындаса да, олардың нәтижесі әртүрлі болады. Сондықтан олардың өздерінен не күтетіндігін түсінуіне ықпал етемін, қолдау көрсетемін және түсіндіремін.



ҚБ « Мадақтау сэндвичі» әдісі арқылы жүптар бір-біріне қолдау жасап, жасаған жұмыстары бойынша өз ойларын айтады. Оқушылар бір-бірінің жақсы тұсын және ұсыныстарын айтады.
ҚБ «Отшашу » әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды. Шығарма бойынша сұрақтар қойылып, жауаптары тыңдалады.
ҚБ: «Температураны өлшеу» әдісі арқылы оқушылардан берілген тапсырманы қаншалықты орындап жатқанын тексеру мақсатында жасалады.


АКТ (интерактивті тақта) жұмыстарының пайдалану ережесі. Оқушылардың өзара қатынасын үнемі бақылау.

Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет