Тәжірибелік сабақ тақырыбы: «Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі. Критериалды бағалау» Тәжірибелік сабақтың жоспары: 1. Критериалды бағалау жүйесі
2. Сабақтың кезеңдері.
а) Репродуктивтік деңгей
б) Синектикалық кезең әрекеттері
в) ІІІ кезең кері байланыс - бағалау кезеңі
3. Рефлексивті амал.
Кіріспе Критерий қандай мағына береді?
Критериалды бағалау жүйесі деген не?
Топтастыру. «Мозайка» әдісі арқылы. Тыңдаушыларды пәндері бойынша топтастыру.
1. Критериалды бағалау жүйесі Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
Мектепте оқыту сапасын жоғарту
Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критериалды бағалаудың міндеттері:
Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;