Сабақ тақырыбы: Педагогоикалық жоба. Педагогикалық жобалаудың Қалыптасуы мен дамуы



бет2/2
Дата20.04.2023
өлшемі21,55 Kb.
#84775
түріСабақ
1   2
Жобалау әрекетінің педагогикалық мәнін ашу үшін жобалауға негіз болатын танымның және қалыптасқан ортаны жаңартудың ерекше тәсілі туралы идеяларды қарастыруымыз қажет болады, олардың бастылары:
алдын–алу идеясы – алдағы әрекеттерді жобалауға бағытталған жобаға тән перспективалар;
әлеуеттердің айырмашылық идеясы – жоба нысанының қалыптасқан жағдайы мен алдағы уақытта болуы тиіс сипаттарының айырмашылығы; бір қадамнан–келесі қадамға–болашақтағы қажеттіктердің бірте–бірте, өз кезеңімен жақындай беруі (Н. А. Бернштейн);
бірлесу идеясы–жобалау барысындағы түрлі бағыттағы күштер мен ресурстарды біріктіре пайдалану жолдары;
көбейіп тарай беретін белсенді қатысушылар – (В. Х. Килпатрик) бірлескен әрекеттер барысында мақсатты орындауға деген қатысушылар белсенділігінің артуы.
Қазіргі кезде көптеген ғалымдар зерттеу жұмыстарының нәтижелері сапалы құрылған білім жобаларының ғылыми негіздемесі болуын, ал жобалардың нәтижесі жаңа ғылыми идеялар мен жаңа зерттеу бағыттарына негіз болуын дұрыс деп есептейді.
Дегенмен де, білім беруде жобалау әрекетінің идеядан–соңғы нәтижеге дейінгі толық циклі бойынша жобаны таңдау, құрастыру ғана емес, идея берушілер мен жобаны құрастырушылардың жобаны тәжірибеге ендіруге де тікелей араласатын болғандықтан, білім берудегі жобалау әрекетінің құрылымы күрделірек болады. Оны инновациялық жобалау тәжірибесінен айқын көруге болады.
Ғылыми–әдістемелік әдебиеттерде жоба, жобалау ұғымдарынан тарайтын түрлі сөз тіркестері мен терминологиялық түсініктер көбеюде. Олар бір қарағанда мәндес сияқты болғанымен әрқайсысының қолдану аясы бар, сондықтан, жобалау әрекеті барысында пайда болуы мүмкін қайшылықтарды болдырмау мақсатында нақтылауды қажет етеді. Оларды төмендегі сипаттары бойынша ажырата аламыз:
жобалық – бұл сипат белгілі бір нәрсенің жоба аясында қолданылатынын түсіндіретін, жоба категориясына жататынын білдіретін ұғым, мысалы, жобалық шешім, жобалақ құжаттар, жобалық тұрғы, жобалық мәдениет, т.б.
жобалай алушылық–бұл сипат адамның ой түріндегі объект бейнесінің тәжірибеде іске асырылу моделін көре алатын қабілеті. Ол белгілі бір әдістер мен процедуралар негізінде іске қосылатын тұлғалық сапасы ретінде көрінеді, мысалы, жобалай алатын ой-сана, жобалай алу әдістемесі, жобалай алуды тексеру, т.б.
жобалаушылық–бұл сипат ерекше әрекет ретіндегі жобалауға жататын ұғымдарды білдіреді, мысалы, жобалаушылық кезең деп белгілі бір үдерістегі жобалау әрекетін пайдалануға мүмкіндігі бар кезеңді, жобалаушылық біліктілік–жобалау қызметін іске асыру мүмкіндігін білдіреді.
Жобалау түрлерін классикалық сипаттағы инженерлік - техникалық жобалау, әлеуметтік жобалау деп қарастырсақ, білім берудегі жобалау әлеуметтік жобалаудың бір түрі ретінде гуманитарлық жобалау деуге болады. Оны дәлірек түсіндіру үшін гуманитарлық жобалардың мәнісін айқындап алу керек. Атынан белгілі болып тұрғандай, гуманитарлық жобалаудың мән-мақсаты адам табиғаты мен адами қатынастардың ерекшеліктеріне сай жаңғыртулар жасау болып табылады. Ғалымдар білім берудегі жобалаудың екі стратегиялық түрін белгілейді, олардың бірі, әлеуметтік ортаға және оның жағдайларына бейімделу, басқаша айтқанда, педагогтардың білімнің әлеуметтік өзгерістерге жауап беру түрлері деуге болады; екіншісі, өз құндылықтарына, мақсаты мен ұстанымдарына сәйкес жетілдіру немесе жаңарту, қайта құру.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінің «Педагогика және психология» саласы бойынша жасалған сөздігінде жобалау туралы бірнеше түсініктер берілген, мысалы, педагогикалық жобалау–оқушы мен тәлімгердің алдағы іс-әрекетінің негізгі құрылымдарының жасалымы, бұл оқытушы әрекетінің тиімділігін арттырады делінсе, жобалау әдісі–оқушыны бірте-бірте күрделене түсетін практикалық тапсырмаларды жоспарлы түрде орындату арқылы оқыту жүйесі деп түсіндіріледі. Енді жоба ұғымына келсек, қазақ тілінде оны жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге тиісті нысандардың макеттері, есептеулері және ұстанымды дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар. Жоба болашақ жоспар негізінде жасалып, қабылданады.

Студенттерге берілетін тапсырма: төмендегі тапсырмалар мен сұрақтарды қамти отырып «Педагогикалық жобалаудың қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында нұсқаулық дайындаңыз.

  1. Педагогикалық жобалаудың пайда болу тарихы

2. Д. Дьюи мен В. Килпатрик еңбектерінде «жоба» түсінігінің қарастырылуы.
3. Жобалау–педагогикадағы демократиялық қатынас құралы ретінде.
4. Посткеңестік елдер педагогикасында жобалау әдістерінің таралуы.
5. Педагогикалық әрекеттері құрылымына жобалау компоненті ендірілуі
6. Жобалау әрекетінің педагогикалық мәні.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет