Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6.1А Қатынастар және пропорциялар
|
Мектеп: №78
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 6
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Мәтінді есептерді шығару
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.5.2.4
мәтінді есептер шығаруда айнымалысы бар өрнектер мен формулалар құрастыру;
6.2.1.10
теңдіктерден бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектеу;
|
Сабақ мақсаттары
|
мәтінді есептер шығаруда айнымалысы бар өрнектер мен формулалар құрастырады
теңдіктерден бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектейді;
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі
Біріккен оқу ортасын құру.
Үй тапсырмасын біріккен ортада талдау, түсіну.
№ 869.
Қазір әкесі 34 жаста, баласы 11 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болады?
Жауабы: 12 жыл.
|
Жеке жұмыс
№1.
Қабырғасы 15 см шаршының қабырғасын 40%- ке қысқартса, шаршының ауданы неше процентке кемиді?
Жауабы: 64 %.
№2.
Ағаштың берілген массасының 20% - інен қағаз дайындалады. Оқушының бір дәптері орта есеппен 25 г, ал кітап одан 16 есе ауыр. Сыныптағы 32 оқушының әрқайсысына 1 дәптерден және 1 кітаптан дайындау үшін барлығы неше килограмм ағаш қажет?
Жауабы: 68 кг.
|
Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»
|
6 сынып оқулығы. 1-бөлім.
|
Сабақтың ортасы
|
Сыныппен ауызша талқылап, түсініп орындалатын мысалдар:
Қозғалыстың жылдамдығы формуласымен есептелетіні белгілі.
- Егер қозғалыстың жылдамдығы және уақыт белгілі болса, жүрген жолды қалай табуға болады?
- Егер қозғалыстың жылдамдығы және жүрген жол белгілі болса, қозғалыстың уақытын қалай табуға болады?
Теңдіктен бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектеу екеніне түсінік беру.
Барлық мысалдар түсіндіріліп тақтаға орындалады.
Мысал-1.
Ара қашықтығы 840 км болатын екі қаладан бір – біріне қарама – қарсы бағытта екі жүк көлігі шықты. Бірінші жүк көлігінің жылдамдығы 68 км/сағ. Егер 2 сағаттан соң олардың ара қашықтығы 560 км болса, онда екінші жүк көлігінің жылдамдығы қандай?
Шешуі:
|
1 жүк көлігі
|
2 жүк көлігі
|
жылдамдық
|
68 км/сағ
|
х км/сағ
|
уақыт
|
2 сағ
|
2 сағ
|
жолы
|
136 км
|
2х км
|
Жауабы: 72 км/сағ.
Мысал-2.
Екі спортшы стадионда бір мезгілде, бір бағытта бір жерден қозғалды. 1 сағаттан соң бір спортшының бірінші айналымды аяқтауына 8 км қалғанда, ол екінші спортшының бірінші айналымды 3 мин бұрын жүріп өткенін естіді. Бірінші спортшының жылдамдығын табыңыз, егер оның жылдамдығы екіншінің жылдамдығынан 9 км/сағ кем болса.
Шешуі: 1 спортшы 57 мин жүгірді, сағ
|
2 спортшы
|
1 спортшы
|
жылдамдық
|
(х+9) км/сағ
|
х км/сағ
|
уақыт
|
сағ
|
1 сағ
|
жолы
|
(х + 9)
|
1х
|
Жауабы: 11 км/сағ.
|
Мысал-3.
Бала бақшада үш топ бар. Кіші топта қалған екеуіне қарағанда 8 балаға кем, ал ортаңғы топта қалған екеуіне қарағанда 14 балаға кем. жоғарғы топта неше бала бар?
Шешуі: Кіші – х, ортаңғы – у, жоғарғы – z деп белгілейміз. Сонда:
Екі жағын мүшелеп қосамыз, ықшамдаймыз:
.
Жауабы: Жоғарғы топта 11 бала.
Оқушыларды шағын топтарға бөліп, топқа жұмыс ұсыну.
|