Сабақ тақырыбы Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы»



Дата09.04.2022
өлшемі166,17 Kb.
#30420
түріСабақ
Байланысты:
docx1558460111



Сынып: 8 «ә»

Қатысқандар саны: 17

Мұғалімнің аты-жөні:Кеделбаева Гауһар Әміржанқызы


Сабақ тақырыбы

Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы»

Осы сабаққа қатысты оқу мақсаттары

Т/Ж 8.1.2. 1 - әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу

Сабақ мақсаты

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

Бағалау критерийлері

  • Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды;

  • Шығармада көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

Дифференцияция

Барлық оқушылар:

Шығарманы оқиды, тақырыбы мен идеясын түсінеді.

Көптеген оқушылар:

  • Шығармадағы көтерілген мәселелер арқылы заман көрінісін сипаттайды.

Кейбір оқушылар:


  • Мәтінді талдап, ұлттық мүдде тұрғысынан өз көзқарасын білдіреді.

Құ Құндылықтар

Мәңгілік ел» құндылығы:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;

  • Ынтымақтастық;

  • Жауапкершілік;

  • Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Тілдік мақсаттар

Жырау, туындылар, дәуір, жинақтар мен басылымдар, қазақтың көне әдебиеті, ғұмыр, Ноғай ордасы т.б.

Осыған дейінгі оқылғандар

Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғаулары

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар


Сабақтың басы
5 мин



Қызығушылықты ояту

Оқушыларды әртүрлі фигуралар арқылы 3 топқа бөлу.

Оқушылар сабақ тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийлерімен танысады.

«Миға шабуыл»

Оқушылар жырау мен жыршыға қатысты сөздерді тақтаға кезекпен жазып шығады.

Жырау

Жыршы



















Дескриптор: Білім алушы

- Жырау мен жыршыға қатысты сөздерді ажыратады;

- Жырау мен жыршының айырмашылығын түсіндіреді;




Ортасы

5 мин


8 мин

5 мин


5 мин

5 мин

4 мин

Мағынаны тану

1-тапсырма «Еркін жауап» стратегиясы ТЖ.

Оқушылар алдын ала берілген тапсырма бойынша Шалкиіздің өмірі туралы оқып келеді. Топтар таратылған сұрақтарға ауызша жауап береді.


1-топ.

- Шалкиіздің өмірі туралы не білесің?

- Қай бидің ақылшысы болған?

2-топ.

- Жырау әскери жорықтармен қай жерлерді аралайды?

- Қазақ ордасына қашан оралады?

3-топ.

- Толғау дегеніміз не? Жыраудың би Темірге арнаған неше толғауы бар?

- Жыраудың басқа қандай толғауларын білесіңдер?
Дескриптор: Білім алушы

-Пікірін дәлелдеп қолданады;

-Өмірмен байланыстыра алады;

-Қорытынды шығарады;



ҚБ. «Смайликтер»
2-тапсырма

«Тақырыпты анықта» «стратегиясы

Білім ленд .kz сайтынан толғауды тыңдату.

«Тақырып бойынша болжам жаса» стратегиясы:

«Би Темірге бірінші толғау» деп не себепті аталған деп ойлайсыз? «Екінші толғау», яғни, оның жалғасы болуы мүмкін бе?

Толғаудың мазмұнын бірінші тармағына қарап болжап көр, не туралы сөз қозғалуы мүмкін:

«Аспанды бұлт құрсайды

Күн жауарға ұқсайды».

Не себепті жырау өз сөзін табиғат құбылысын бейнелеуден бастайды? Оқушылар сөздікпен танысып, есте сақтау үшін бірнеше рет оқиды. Жұбымен жауаптасады.

«Есте сақтау» әдісі

Сөздік:
Қу – аққу 
Көкшілі – сұңқар
Арабы торы – «асыл тұқымды» дегенді білдіреді 
Алдаспан – наркескен қылыш 
Қағба – мұсылмандардың құлшылық ететін қасиетті орны 
Күлік – сәйгүлік жылқы 
Кепке – бас деген мағынада 
Ғазизлеген – құрметтеген 

«Айтарым бар» әдісі

1-тапсырма

1- топ. Жырау нөсер жауын алдындағы түнерген аспанды, көкшіліден соққы жеген аққу құстың жайын неліктен сөз етеді? Өз басындағы жағдай осы құбылыспен қаншалықты байланысты, яғни, алыстан орағытып келіп нені меңзеп отыр?

2-топ. Екінші шумағында өзі үшін Би Темір кім еді, үшінші шумағында Би Темір үшін өзі кім еді, намысына тигенде ашуға бой алдыруы ... Толғаудағы би Темір бейнесін мен жыраудың өз бейнесін қалай берген?

3 топ. Неліктен Шалкиіз өз дәуірі үшін бітім-болмысы бөлек ерекше тұлға екенін қай жыр жолдарынан көруге болады?



2-тапсырма

1 топ. Толғаудағы метафора, анафораны табу

2 топ. Толғаудан aллитерация мен ақыл- нақыл сөзді табу

3 топ. Берілген толғау шумақтарын құрылысына талдайды


Дескриптор: Білім алушы

- Әр топ берілген сұрақтарға қатысты өз көзқарасын білдіреді;

- Толғаудан aллитерация мен ақыл- нақыл сөзді табады;

- ақынның көркемдегішті қолдану себебі түсіндіреді;

-Толғау шумақтарын құрылысына қарай талдайды;



ҚБ. Әр топтағы оқушылар өзін-өзі бағалайды.(бағалау критерийлері арқылы)

Бағалау парағы


Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу



Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды;

Шығармадағы көтерілген мәселелер арқылы заман көрінісін бейнелейді.

Жаңа сөздерді теріп жазып, мағынасын топта анықтайды;

Топтық талдауға белсене қатысады, сыныптастарының жұмысын бағалайды.

ПОПС формуласы Ж.

«Менің ойымша, ұлттық мүдде тұрғысынан келгенде, толғаудың идеясы мен пафосы ... ».

«Себебі, мен оны былай түсіндірер едім...»

«Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...»



«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»


shalkiiz-zhyrau-bi-temirge-birinshi-tolhau.htm



http://www.ikitap.kz/index.php/catalog/audiobook/5157-tolhauy











Соңы

3 мин


Кері байланыс

маңызды ақпарат

қиындық тудырған сәт

сабақта ұнаған аспекті




Үйге тапсырма .

.«Би Темірге бірінші толғауын» мәнерлеп оқуға,үзінді жаттау





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет