Сабақ тақырыбы Үшбұрыштар теңсіздігі Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет4/5
Дата18.03.2023
өлшемі296,24 Kb.
#75393
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Үшбұрыштар теңсіздігі 7 сынып геометрия

Ақпаратты қорытындылау.
«Математикалық диктант»
Үшбұрышта:
1) Үлкен қабырғаға қарсы ...... бұрыш жатады, үлкен бұрышқа қарсы ....... қабырға жатады.
2) Қабырғалар тең болса, оларға қарсы жатқан бұрыштарда ....... болады, бұрыштар тең болса, оларға қарсы жатқан қабырғалар ...... болады.
3) Тік бұрышты үшбұрыштың бір бұрышы 300 болса, оған қарсы жатқан катеті .......... тең болады.
4. Үшбұрыштың кез келген қабырғасы оның қалған екі қабырғасының қосындысынан ...... болады.
Рефлексия .
Стратегия «Менің көңіл күйім» баспалдағы
Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе адам суретін салып), тақтада салынған баспалдақтардың біреуіне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет», «Өзіме сенімдімін», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.


Үйге тапсырма. Теорема жаттау . № 5 есеп
Бағалау.

стикерлер

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Өткен материалды қайталау мен тапсырмаларды орындау барысында саралау жүзеге асырылады. Тапсырмалар оқушылардың қабылдау ерекшеліктеріне, тапсырма қиындығына байланысты, оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру формалары: топпен, жұппен және жекеше жұмыс түрлеріне сай ұсынылды

Бақылау және комментарий жасау, ауызша немесе жазбаша сұрақтар арқылы бағалау жүреді. Жұппен, топпен жұмыста әрбір оқушының қатысуы қадағаланады.

Сабақта барлық оқушыларға жағымды әсер ету үшін жағдай жасалды.
Оқушылардың зерттеушілік қасиеттерінің дамуына, өзара бірлесіп жұмыс атқаруына, бірін-бірі тыңдап, көмекке келу немесе сөз саптау, түсініктеме беру, сурет арқылы беруге баса назар аударылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет