Сабақ Тақырыбы: Сынып жетекшісінің тәрбие үдерісін диагностикалау және жоспарлау іс-әрекеті


Сынып жетекшінің ата-аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері



бет3/10
Дата21.03.2022
өлшемі66,06 Kb.
#28514
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Тапсырма 1503

Сынып жетекшінің ата-аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері.

Ата-аналармен жүргізетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері мен қызметі. В.А. Сухомлинский оқушылардың ата-аналарымен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып; «Тек ата-аналармен бірге. жалпы, күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бакыт беруі мүмкін»,-дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан да педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан, ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше.

Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: Оқу жәнс тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзкарастары, олардың өзара карым-катынасы сабактың формалары мен өткізу технологиясы, көптеген оку пәндерін оқытудағы жана көзқарас, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы. Бүгінде мектептің ата-аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата-аналар жиналысы, ата-аналар лекториясы мен университтері, ата-аналардың ашық күні, ата-аналардың жұмыс орындарымен байланыс баланың отбасына бару т .с.с. Дегенмен де тәжірибелі мұғалімдердің көз қарастарында, ол олай болуы тиіс емес еді. Соған орай түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер мен оқушылар, ата-аналар мен оқушылар өзара байланыссыз жалпы қалып отыр. Әсіресе, мұндай жағдай мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастық қарым-қатынасына кері әсерін тигізуде. Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір-біріне айтар ақыл кеңесі ауадай қажет болып отыр. Сондыктан да ата-аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оку-тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін кажет етеді.

Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше нысандары бар. Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы ата-аналар жиналысы. Онда күнделікті өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уакыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланып оларды әрлуан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады. Сынып ата-аналар жиналысында ата-аналар комитеті, олардың төрагасы сайланады. Байланыс нысандарының бірі-педагогтардың окушылар үйіне баруы. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тағы бір түрі-педагогикалық насихат, яғни ата-аналарға педагикалық білім беру. Қазіргі ата-аналар және қалың бұқара арасындағы психологиялық және педагогикалық білімді насихаттаудың маңызы өтс зор. Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуге әсер етеді. Н.К. Крупская ата-аналарды педагогикалық минимуммен қаруландырудың қажет екенін бірінші рет айтқан болатын. Тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ата-аналардың ықпалы олардың жалпы және педагогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық-психологиялық білім негіздерімен міндеттердің бірі. Мектептің ата-аналар комитеті мұғалімдерге, ата-аналарға көмектесіп, балалардың тұрған жеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысып, ата-аналар жиналыстарын, конференцияларын пікірталастарды, балалар мерекелерін өткізуге арналған дайындык жұмыстарына қатысады.

Мектептің, отбасының, бүкіл халықтық және мемлекеттің негізгі мақсаты қазіргі заманның талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу оларды мамандық таңдауға, арнайы орта және жоғары оқу орындарына түсуге халық шаруашылығ ның салаларында еңбек етуге даярлау.

Мектептің сенімді одақтасының бірі-отбасы. Отбасы тәрбиесі көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен отбасы мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын істері аукымын кұрайды. Бала үшін отбасы бір жағынан-тіршілік қорғауы болса, екінші тараптан тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы баска жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерінде болатын ықпалдардан басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымдары да дос-жарандары да, отбасы-бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан педаготар нақты да дәл тұжырымға келіп отыр: тұлганың қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасына тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектің тәрбиесінің өнімі де жоғары. Отбасы оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одактасы. Ол бала тәрбиесі жөніндегі мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені, бала тәрбиесінің отбасында мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастықа негізделеді. Отбасының өзіне тән ерекше қызметтері бар. Олар халықтың өсуі, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру қажеттілік, шаруашылық қызметі, отбасы мүшелерінің өзара және туған-туысқандарымен қатынас жасау кызметі.Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Отбасында басты мәселелердің бірі-баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оку-әрекеті, бос уакытын ұйымдастыру жатады. Балалардың күн ырғағы И.П.Павловтың іліміне негізделеді. Ол жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуін қажет екендігін көрсетті. Күн ырғағы баланы жинақылыққа, тіл алғыштыққа, дәлдікке, мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Күн ырғағын жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын, мұғалімдер мен сынып жетекшісінің кеңесін, отбасы мен мектеп ыргағының бірлігін еске алуы тиіс. Отбасында күн ыргағының негізгі құрамды элементтері-еңбек, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, ұйкы, т.б

Отбасылық тәрбиенің проблемалары педагогикалық әдебиеттерде, А.С.Макаренконың, Н.К.Крупскаяның, В.А.Сухомлинскийдің және басқа да ғалымдардың еңбектерінде кең түрде баяндалған.

Отбасылық тәрбие бір қалыпты жағдайда іске асырылып отырмайды. Зерттеу мәліметтеріне қарағанда отбасылық тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының басты себебі үлкен адамдардың педагогикалық көзқарастарының көзқарсыздығынан болады.

Біріншіден отбасыда болатын өктемдіқ баланы өзін-өзі билеушілігінен айырады, әрбір қадамына бақылау жасайды, ол өз күшіне, мүмкіншілігіне сенімсіз және ішкі жай-күйі төмен болады.

Екіншіден, баланы еркелетушілік, бетімен жіберушілік ата-аналардың бәрін кешірушілік сүйіспеншілігіне байланысты. Баланың жетегіне түсіп еркіне жіберушілік өзімшілдікке тәрбиелейді.

Үшіншіден, әке мен ананың және басқа отбасы мүшелерінің тарапынан біріңгай талаптың жоқтығы. Осының нәтижесінде ата-аналарды немесе ересек отбасы мүшелерінің көзқарастарындағы алалықты пайдаланып, бала екіжүзді және жағымсыз нәрсеге бейім болып өседі.

Төртіншіден, ата-аналар балаларды еркімен қарым-қатынас жасаудан, өмірден аулақтауға тырысады, бөгет жасайды. Бұл баланың қалыптасуына, дамуына залалды әсер етеді.

Бесіншіден, егер әке мен ана өз баласының іс-әрекетіне немқұрайды, жауапсыздыкпен қараса, онда соны пайдаланып, кездейсоқ адамдармен танысуға мүмкіндік алады. Мектептің ата-аналарымен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен әрекеі бірлігінің тұрактылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылыкты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Мектептің баланы тәрбиелеуіне қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты. Мұндай жағдайда отбасыны негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде мектеппен одақтас ретінде қарастырған жөн. Сондықтан да сынып жетекшінің осы бағыттағы жұмысының негізіне мектеп пен ата-аналар және балалардың өзара қарым-қатынасы мен әрекетінде бірлікке, ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл күй мен жағдай жасау. Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұмысының негізінде сол ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады. Ол үшін өзара сенім мен кұрмет, өзара көмек пен қолдау, бір-біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс. Дегенмен, мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. Оны окушылардың ата-аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшін де ата-аналар өз тарапынан мектепке тұрақты көмектесуте міндетті. Сынып жетекшісінің ата-аналарымен қоян-қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Ол үшін отбасыны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жан-жақты әр; жүйелі зерттеуді кажет етеді. Олай болса сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмыс істеу қажеттілігі неде?

-баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелерді шешуде ортақ көзқарастың болуы;

-баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және әлеуметтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатын тэрбиенің біріңғай ұстанымдарын қою табаланың жан-жақты үйлесімді даму үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыруда;

-баланың әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық даму жағдайын ескере отыра, тәрбиенің мақсаты және міндеттерін дұрыс анықтау, оларды жүзеге асыру үшін;

-баланы түрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан-жақты жақсы танып білуі үшін;

-балаға ықпал етудің жалпы тәсілі мен техникасын ойластыруда, әртүрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш-жігерді біріктіру үшін;

-сынып жетекшісі, оқушылар және ата-аналардың жағымды көңіл- күйін, өзара жағымды түсіністік пен ынтымақтастық қарым-қатынасын орнықтыруда т.с.с.

Осыдан барып мектеп пен жанұя тәрбиесінің жағымды факторларға негізделген өзара кызметінің маңыздылығы түсінікті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет