Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмысынын формалары мен әдістері
Ата-аналармен жеке кездесу
Сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің ата-аналармен жеке кездесуі мектеп өміріне дәстүрге айналған. Оқушылардың жанұясына бару, ата-аналарды мектепке шақыру арқылы сынып жетекшілері олармен кездеседі. Ата-аналармен әңгімелесудің барысында баланың мінез-құлқы, ынтасы мен қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігі, жанұя мүшелерімен, жолдастарымен қарым-қатынасы жайлы түсінік алады. Сонымен бірге, сынып жетекшілері ата-аналарды балаларының үлгерімі, қоғамдық жұмысқа белсенділігі, кейбір кылықтары туралы мәліметтермен таныстырады. Оқушылардың күн режимі, оларды еңбекке баулу, үйге берілген тапсырмаларды орындау жайлы ата-аналарға педагогикалық кеңес береді.
Ата-аналарды мектепке шақырып сөйлесудің де маңызы өте зор. Ата-аналармен әңгімелесу мазмұны әр түрлі тақырыптарға байланысты. Мәселен, бала жақсы оқыды, тәртібі де жаман емес, бірақ қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуға ынтасы жоқ. Бұл жөнінде ата-аналарды күн бұрын ескерту, оларға дұрыс кеңес беру өте қажет. Ғылымның кейбір салаларында баланың дарындылығын дамыту мәселесі жайлы, ал кейде ата-аналарды баланың өрескел қылықтары үшін де шақыруға тура келеді. Міне, осы жағдайларға ата-аналармен кездесіп, оларға педагогикалық кеңес беру сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің мектеп басшыларының борышы, нақты көмегі. Мектепте кездесу үшін ата-аналар күні белгіленеді. Осы күні олар мектепке келіп, тәрбие оқу мәселелері жайлы пікір алысады, кажетті педагогикалық кеңестер алады.
Ата-аналар жиналысы
Ата-аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырьш өткізуге ата-аналар комитеті мен ата-аналар белсенділері мектеп басшылары және сынып жетекшілерімен бірдей жауап береді. Ата-аналар жиналыстарында оқу-тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізгі жолдары белгіленеді. Кейбір ата-аналар жанұялық тәрбие жайлы есеп береді. Жиналыстарда сынып жетекшілері ата-аналарды сынып ұжымының оқу-тәрбие жоспарымен, ал мектеп басшылары оқушылар және ата-аналар комитетінің іс-жоспарларымен таныстырады.
Мектеп өмірінде тақырыптық ата-аналар жиналыстарын өткізіп отырудың зор тәрбиелік мәні бар. Мұндай жиналыстардың мақсаты - ата-аналарды психологиялық-педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру.
Селолық жерлерде ата-аналардың жұмыс жағдайын, жер шалғайлығын еске алып, тұрған жерлеріне барып жиналыстар өткізуге де болады. Ол үшін алыстағы мал шаруашылығы отарында қызмет істейтін оқушылардыц ата-аналарымсн өткізілетін жппалыстарды мектеп ұжымы жыл басында жоспарға енгізеді. Жоспар бойынша сынып жетекшілері, мұғалімдер оқу-тәрбие мәселелері жайлы, педагогикалық тақырыптарға, халықаралық жағдай туралы лекциялар оқиды. әңгімелср өткізеді. Мұндай жиналыстар ата аналармен кең пікір алысу дәрежесінде өткізілуі тиіс. Мұғалімдер басшылығымен оқушылар – көркем өнерпаздар үйірмесінің мүшелері ата-аналар алдында көрсетеді.
Ата-аналар комитеті
Ата-аналар жұртшылығының тұрақты органы - ата-аналар комитеті. Ол мектеп ұжымымен бірге жұртшылықтың көмегін пайдалана отырып, оқу-тәрбие және шаруашылық жұмыстарын жақсартудың шараларын жасайды, оларды іске асырудың барлық мүмкіншіліктерін қарастырады. Ата-аналар комитеті айналысатын басты мәселелер: мектеп және сыныптар бойынша ата-аналар жиналыстарын, конференцияларын, семинарларын өткізуге көмектесу; университетке ата-аналарды тарту, қатысуларын бақылау; үлгірмейтін және "қиыни балаларды шефке алу, сынып жетекшілеріне көмектесу; үйірме жұмыстарын басқару; балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру; экскурсияларды, жорықтарды, ұйымдастыруға қатысу; мектеп үйін жөндеу т.б.
Ата-аналар комитеті мүшелерінен және ата-аналар белсенділерінен тұрақты комиссиялар кұрылып, олар мектеп жұмысының кейбір түрлерін педагогикалық ұжым мүшелерімен одақтасып бірге баскарады. Мысалы, оларға оқу-тәрбие жұмысы, педагогикалық насихат, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек, мәдени көшпілік жұмысы т.б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |