Сабақ Тақырыбы: Сынып жетекшісінің тәрбие үдерісін диагностикалау және жоспарлау іс-әрекеті



бет9/10
Дата21.03.2022
өлшемі66,06 Kb.
#28514
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ата-аналар жиналысы

Ата-аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізуге ата-аналар комитеті мен ата-аналар белсенділері және мектеп басшылары сынып жетекшілерімен бірдей жауап береді. Ата-аналар жиналыстарында оқу-тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізгі жолдары бекітіленеді. Кейбір ата-аналар отбасылық тәрбие жайлы есеп береді. Жиналыстарды сынып жетекшілері ата-аналарды сынып ұжымының оқу-тәрбие жоспарымен, ал мектеп басшылары оқушылар және ата-аналар комитетінің іс-жоспарларымен таныстырады.

Мектеп өмірінде тақырыптық ата-аналар жиналыстарын өткізіп отырудың зор тәрбиелік мәні бар. Мұндай жиналыстардың мақсаты ата-аналарды психологиялық-педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, ой қорыту.

Мұғалімдердің басшылығымен оқушылар көркем-өнерпаз үйірмесінің мүшелері ата-аналар алдында өнер көрсетеді.

Ата-аналар жиналысында балалардың үлгерімі мен сабаққа қатынасы, тәртіпсіздіктері, оқудағы үлгермеуі жөнінде ақпарат беріп шектелместен, келеңсіз құбылыстардың алдын алу жағдайларына орай нақты шаралар жолын сөз еткен пайдалы. Ата-аналар жиналысын құрғақ уағыз бен кейіп-сөгу, оқушымен оның отбасын әшкере ету де сынып жетекшісіне жараспайды.

Ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты жақындатудың бір жолы баланың әке-шешесін мектепке шақырып, сабаққа қатыстырып, оқушы үлгерімі мен тәртібін хабардар етіп тұру. Бірақ, мұндайға себеп болатын бір келеңсіз жағдайдан гуманист сынып жетекшісінің аулақ болғаны жөн. Мысалы, әміршіл-әкімшіл жүйеден босай алмаған мектепте ата-аналарды мектепке шакырудың себебі біреу-ақ: оқушы тәртібі мен үлгерімінен қанататтанбаушылық, ал сылтауы-нақты факт. Ал осындай ата-аналардың көңіліне тиіп, ашу-ызаға бұлықтыратын мұндай шақырулар оларды мектептен бездіреді, мектеп-баладан безінеді.

Қызметтестік педагогикасын ұстанған мектепте келесідей ереже қалыптасқан: әрбір әке не шеше міндетті түрде аптасына бір рет мектептен хабар алып тұруы. Мұндай да кезекті мектепке келу алдынан болған оқушының қандай да болымсыз әрекеті қалыпты қабылданып, жалпы ұнамды фонда аса қатерлідей, ата-ана жанына батқандай сезілмейді осындай формада жүргізілген жұмыспен мектеп, сынып жетекшісі ата-аналарға өз балаларының тәрбиесімен жүйелі айналысуға көп септігін тигізеді, әрі осындай тәрбиелік іспен тұрақты шұғылдануға үйретеді. Әлбетте, мұндайда сынып жетекшісінің жүктемесі ауырлайды: әр күні ол 3-4 ата не анамен қатынас жасауына тура келеді, дегенмен бұдан түсер пайда отбасы үшін де, мектеп үшін де орасан. Уақыт озуымен ата-аналардың мектеппен хабар алып тұруының тұракты «кестесі» қалыптасады, ал бұл барша оқушылардың-үздіктердің де, үлгермейтіндердің де. тәртіпсіз не тәртіптілердің де жалпы оқуы мен қылықтарының жақсара түсуіне ұнамды ықпал жасайды.

Сынып жетекшісі өз тәрбиеленушілерінің үй тұрмыстық жағдайларымен, үйдегі тәрбие жөнімен жақыннан танысуы үшін отбасынан хабар алып тұруы-міндетті істердін бірі. Үйдегі жалпы ахуал, отбасы мүшелері арасындағы үлкенді-кішілі қатынастар тәжірибелі ұстаға көп нәрседен ақпарат береді. Оқушы отбасының босағасын аттауды сынып жетекшісі аса әдептілік сақтап, келесі ережелерге бағынғаны өте қажетті:

- шакырусыз бармаңыз, қандай да жолмен болса да ата-ана рұксатын алуға тырысыңыз;

- отбасының ересек мүшелерімен әңгімелесуде аса жоғары әдептілік мәдениетін сақтаңыз, әркашан әңгімені көңілге жылу беретіндей сөздермен, мақтаумен бастаңыз; - оқушыңыз үлгерімі не тәртібі жөнінде арыз айтуды тіпті де естен шығарыңыз, ойыңызда болса, ондай жағдайларды үлкен, маңызды проблемалармен жанамаластырып шешу жолдарына кеңес айтыңыз; - әңгімелесу кезінде оқушыларыңыз қастарыңызда болғаны жөн, ата-анамен көзбе көз сөйлесулерді аса қажетті жағдайда ғана қоланыңыз; - ата не анаға мін тағудан сақтаныңыз: - оқушы тағдырына жаныңызбен ортақ екпініңізді білдіруге тырысыңыз;




Ата-аналар жұртшылығының тұрақты органы ата-аналар комитеті.

Ол мектеп ұжымымен бірге жұртшылықтың көмегін пайдалана отырып, оқу-тәрбие және шаруашылық жұмыстарын жақсартудың шараларын жасайды, оларды іске асырудың барлық мүмкіншіліктерін қарастырады. Ата-аналар комитеті айналысатын басты мәселелер: мектеп және сыныптар бойынша ата-аналар жиналыстарын, конференцияларын, семинарларын өткізуге көмектесу; университетке ата-аналарды тарту, қатысуларын бақылау; үлгірмейтін және

«қиын» балаларды шефке алу, сынып жетекшілеріне көмектесу; үйірме ұмыстарын басқару; балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру; экскурсияларды, қатарды, ұйымдастыруға қатысу; мектеп үйін жөндеу т.б.

Ата-аналар комитеті мүшелерінен және ата-аналар белсенділерінен тұрақты комиссиялар құрылып, олар мектеп жұмысының кейбір түрлерін педагогикалқк ұжым мүшелерімен одақтасып бірге басқарады. Мысалы, оларға оқу-тәрбие жұмысы, педагогикалық насихат, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек, мәдени көпшілік жұмысы т.б. жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет