Сабақ тақырыбы Сұйықтар мен газдардағы қысым. Паскаль заңы



бет1/3
Дата16.02.2023
өлшемі25,32 Kb.
#68560
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
ашык сабак Паскаль








Пәні: Физика
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: «Қысым»

Мектеп:




Күні:

Мұғалімнің аты жөні: Құрбанбекова В




Сынып: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:




Сабақ тақырыбы

Сұйықтар мен газдардағы қысым. Паскаль заңы




Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары: (оқу жоспарына сілтеме)

7.3.1.4 – газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіру;
7.3.1.5 – сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын қорытып шығару және оны есептер шығаруда қолдану




Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар істей алады:- газ ыдыс қабырғасына қысым түсіретінін білу және молекулалық құрылым негізінде түсіндіру.
Көптеген оқушылар істей алады: - сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану.
Кейбір оқушылар істей алады:- Күрделі, шығармашылық тапсырмаларды орындау.




Бағалау критерийі

1.Газ қысымының пайда болуын түсіндіреді.
2.Қысымның ХБ жүйесіндегі өлшем бірлігін біледі
3. Гидростатикалық қысымның мәнін анықтауға есептер шығара алады




Тілдік мақсаттар



Сұйықтардың негізгі қасиеттері....
Газдың ерекшеліктерін ата....
Паскаль заңы....




Құндылықтарға баулу



«Мәңгілік Ел» идеясы, бұл -Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім. Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз.




Пән аралық байланыс

Математика-есеп шығару барысында;
Информатика- презентациялауда
Тарих –тарихи мәліметтерді бергенде




Бастапқы білім

7.3.1.2 Қысымның физикалық мағынасы мен өзгерту тәсілдерін біледі
7.3.1.3 Қысым формуласын пайдаланып, есеп шығара алады.




Сабақ барысы




Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)

Ресурстар




Сабақтың басы

10 мин


Сабақтың басында:
1.«Мен саған тілеймін...» әдісі жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында бір-біріне жақсы тілек айтады. Мысалы, сен өте әдептісің! ...
2. Үй тапсырмасын сұрау
«Ақылды доп» әдісі. Оқушылардың назарын шоғырландыру және алдыңғы білімді еске түсіру мақсатында допты лақтыра отырып, бір біріне сұрақ қояды. Шапшаң қозғалу мен тез ойлануға дағдыланады.
Қол шапалақтау арқылы бағаланады.
3. Бағалау парақшаларын таратамын.Әрбір критерийге жеткенде бір бал қойып отырады. Оқушының жақсы баға алуға ұмтылысын арттырады.
3. Топтарға біріктіру: санау тәсілі арқылы
- «оқушылардың жақын даму аймағын» қалыптастыру және коммуникативтік қасиетін дамыту мақсатында 1,2,3,4 сандары арқылы төрт топқа біріктіріп отырғызам.

Қима қағаздар





Сабақтың ортасы

30 мин




4.«Ойқозғау» әдісі. Сыни тұрғыдан ойлануға үйренеді.
Проблемалық сұрақтар арқылы ОМ анықтау оқушылармен бірге сабақтың ОМ анықтау үшін ойлануға сұрақ:
-Қатты денелердегі қысым туралы білдік.Енді қандай денелер туралы сөз етуіміз мүмкін?
-Қатты денелердегі қысымның берілуін біле отырып, сұйықтар мен газдардағы қысымның таралуы туралы не айтуға болады?

5. Жаңа тақырыпты игерту


«Тірек сөздер» әдісімен (жеке сөздерді біріктіре отырып,қорытындылауды, синтездеуді үйренеді
Тақтаға :
-сұйық, газ
-молекулалардың еркін қозғалуы
-Паскаль шары
-барлық бағытта бірдей
-Паскаль заңы деген тірек сөздерді жазып қоямын.
Әр оқушы мәтінді оқи отырып,тірек сөздерге сүйене отырып сөйлем құрау,анализ жасауды,
жинақтау арқылы мәтінді түсінуге әрекет жасайды.
Жеке жұмыс, дәптерлерін ауыстыру арқылы өзара бағалау жүргізіледі.
6. Сергіту сәті
«Молекулалар мен атомдар»ойыны арқылы сергітемін


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет