Өзіндік жұмыс: Аэрофотосуреттер бойынша параллаксометрмен бойлық параллакстардың айырмасын өлшеудің схемалық сызбасын салу
№ Практикалық сабақ
Тақырыбы: Аэрофотосуреттермен жұмыс жасау
Жұмыстың мақсаты: Аэросуреттерді түсіру және жасау жолдарын үйрену және олар арқылы өлшеу жұмыстарын жасау.
Осы лабораториялық жұмыста орындалатын тапсырмалар:
1.
|
Аэрофосуреттерде белгіленген нүктелердің және арофосуреттердің масштабтарын есептеу.
|
2.
|
Аэрофосуреттерге белгіленетін нүктелердің және аэрофотосуреттердің масштабтарын есептеу (1кестедегі берілгендер бойынша).
|
Қолданылатын құралдар: Аэрофосуреттер, плакаттар, сызба құралдары, сызғыш, өлшеуіш-циркуль, көлденең масштаб, транспортир, қарындаш, топографиялық карта.
Тапсырманы орындау тәртібі Аэрофотосуретпен танысу. Фотобейнесінің сапасын /күңгірттігі, жағылып қалуы, дақ түсуі/ анықтау, координаттар белгілерін, координаттар осьтерін табу, суреттің негізгі нүктесін табу. Аэрофотосуретке түсірудің схемалық сызбасын салу. Аэрофотосуреттің торы бойыншв түсіру кезіндегі пленканың тегістеу сапасын анықтау. Негізгі нүктенің координаттарын /Х, У/ өлшеу. Аэрофосуреттің бастапқы бағытын жүргізу. Аэрофосурет бойынша бірнеше нүктелердің бейнелік координаттарын өлшеу. Деңгейлеуіштің бейнесі арқылы аэрофосуреттің горизонтальдығын анықтау.
№ практикалық жұмысты орындау үшін қысқаша әдістемелік нұсқау
Аэрофототүсірістің түсіру кезегін аэрофотосуреттің сол жақ жоғарғы бұрышында көрсетілген оның нөмірі арқылы біледі. Фотоға түсіру уақытын және қатар жатқан суреттерді түсіру интервалын суреттегі сағат бейнесі арқылы біледі. Аэрофосуреттердегі ұшу бағытына сәйкес сызық – Х өсі, ал оған перпендикуляр бағыт – У өсі бағыттары болады. Олардың қиылысқан нүктесіне теория бойынша, аэрофотосуреттің негізгі нүктесі сәйкес келеді. Негативтің /аэросуреттің/ спасы шет жағындағы тордың бейнесінен білінеді. Егер тор айқын және түп-түзу сызық ретінде бейнеленсе – тегістеу жеткілікті қысыммен жасалған.
Өзіндік жұмыс: Аэрофотосуреттің орталық проекция екенін жақсы түсіну керек. Студенттер дәптерлеріне аэрофосуретке жер бетінің бейнесінің түсу схемалық сызбасын сызу керек.
№4 Практикалық сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |