Сабақ Тақырыбы: Стереоскоппен жұмыс жасау



бет2/8
Дата18.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#94555
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Өзіндік жұмыс: Білім алушы стереоэффектінің барлық түрлерін бақылауы керек және обьектілердің әр стереоэффектдегі орындарын салыстыруы керек. Жұмыс дәптерлерінде схемамен әр стереоэффектідегі аэросуреттердің орнын көрсетулері керек.

Практикалық сабақ




Тақырыбы:Стереопармен жұмыс жасау


Жұмыстың мақсаты: Жергілікті жердің стереоскопиялық моделін Стереомодель алу үшін жасалынатын аэрофототүсіру жұмыстарының кезегімен таныстыру.

Орындалатын тапсырмалар реті:


1. Бойлық және көлденең қабысқан
2. Аэрофотосуреттердің бойлық және көлденең қабысуларын өлшеу
3. Суретке түсіру базисін анықтау
6. Ааэрофотосуреттердің бастапқы бағытын жүргізу
5. Маршрут бойынша ұшу сапасын бағалау
Қолданылатын құралдар: аэрофотосуреттер, стереопаралар, плакаттар, фотосхемалар, сызба құралдары
Тапсырманы орындау тәртібі:
1. Нөмерлері арқылы және контурлары бойлық және көлденең бағытта бір-біріне сәйкес келтіре отырып, аэрофотосуреттер монтаждалады және сол жердің топографиялық картасымен салыстырылады.
Карта мен аэрофотосурет бойынша бірдей жерді тауып, оның аэросуреттегі кейбір нүктелерінің пландық және биіктік тік жайын топокарта бойынша табу керек (геодезиядағыдай сол нүктелердің тікбұрышты координаталарын және биіктіктерін табу).
2. Монтаж бойынша немесе бөлек стереопаралар арқылы бойлық және көлденең қабысуларды өлшеп, олардың мөлшерін процентпен шығару керек.
3. Суретке түсіру базисін анықтау үшін аэрофототүсірістің орындалу схемемасын аэрофотосуреттердің 60% қабысуында салып, сол схемемада суретке түсіру базисін В кеңістікте көрсеу керек. Стереопараның суреттерінде бірінші және екінші суреттің негізгі нүктелерін сол және оң суреттерден тауып, олардың арақашықтықтарын сызғышпен өлшеп, түсіру базисін шамамен суреттердің масштабында табу керек. Дәптерге осы сызбаларды салу керек.
4. Бастапқы бағыттарды сызу. Әр аэрофотосуреттерде қатар жатқан негізгі нүктелердің арасын қосатын сызық – аэрофотосуреттердің бастапқы бағыты болады.
5. Маршрут бойынша сапалық сынақ жасау:
а) әрбір суреттің сапасын тексеру (бейнелеу айқындығын, бұлдырланбай түсуіннегативтің тегістігін);
в) маршрут түзулігін. Оны тексеру үшін маршруттың бастапқы және соңғы аэрофотосуреттерінің негізгі нүтелерін түзу сызықпен қосып, осы сызықты әр аэрофотосуреттегі бастапқы сызықпен салыстырады. Егер бастапқы бағыттар мен жоғарыда айтылған сызықтың бағыттары түйіспей, «шыршаланып» кетсе, пайда болған бұрыштар транспортирмен өлшенеді.

Практикалық сабақты орындау үшін қысқаша әдістемелік нұсқау


Аэрофотосуретті байланыстыру дегеніміз – оның кейбір нүктелерінің координаттарын анықтау /Х, У, Z/.
Бұл жұмысты жасау үшін, аэрофотосуреттердің ортасынан бір жақсы көрінетін контурлы нүктені таңдап алып, оған сәйкес келетін нүктені картадан таңдап алып, координаталарын анықтайды, ал горизонтальдар арқылы осы нүктелердің биіктіктерін табады. Бұл, аэросуретті түсірілген жермен байланыстырудың көп тәсілдерінің бірі, оны осы жердің топографиялық картасы болған кезде пайдаланады.
Аэрофотосуреттердің ұзынабойлы және көлденең қабысулары көлемдік стереоскопиялық модель алу үшін керек.
Көлемді болып аэрофотосуреттердің қабсқан жерлері ғана көрінеді. Жерге орналастыру, жол және көпір өткелдері аэроізденіс жұмыстарының және жалпы фотограмметриялық әдістердің негізгі құндылығы – осы көлемдік стереомодельдерді қолдануы. Суретке түсіру базисін аэрофотосуреттер арқылы табу – ең оңайланған, үйрену мақсатында қолданылатын тәсіл.

6 – сурет. Фотографирлеу базисін сурет масштабында өлшеу схемасы



7 – сурет. Аэросуреттердің ұзына бойлы және көлденең қабысулары



8 – сурет. Стереопара /қабысқан қос сурет/ алу үшін аэрофототүсіріс осы схемамен жүргізіледі






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет