Алматы облысы, Қаратал ауданы
Үштөбе қаласы
Тленова Жанар Тургеновна технология пән мұғалімі
№ 13 орта мектебі
Сабақ тақырыбы:Су моншақпен жұмыс Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың су моншақ тоқудағы білімін жүйелендіру, алқа жасау жайлы түсінік беру, орындау әдістерін үйрету.
2. Жұмыс барысында оқушылардың шеберлігін, ой-қиялынтыңдау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Әдісі: теориялық, сарамандық.
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу, математика, әдебиет.
Көрнекіліктері: су моншақпен жасалған бұйымдар, нұсқау карта.
Қажетті құрал-жабдықтар: қайшы, леска, су моншақ түрлері, ине, жіп.
Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. (Амандасу, сабаққа дайындығын тексеру, оқушыларды түгендеу).
ІІ. Өткенді қайталау. Біз өткен сабақта бисермен жұмыс жасау мақсатында су моншақтың қандай бұйымға қолданылатынын және бисердің шығу тарихымен таныстық. Ендеше,айтыңдаршы.
Бисер деген не?
Бисер деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік.Ұсақ домалақ, сопақ, әр түрлі хрусталь, шыны, металл, керамикалы материалдардан жасалады.
Бисер қайдан шықты, қай жерде пайда болды, түрлері қандай екенін кім біледі?
Оқушы: Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал әйнектің қашан пайда болғанына әлі күнге дейін нақты дерек жоқ. Дегенмен, әйнекті дайындаудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқтайды. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазанын қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның (натрий қосындылары) үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестер Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен.
Ұсақ моншақтар туралы қосымша тағы кім толықтырып айтады?
Оқушы:
Кейбір деректер бойынша, әйнектің Отаны Ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар сонау б.з.д. ІV ғасыр
ескерткіштерінен табылған. әйнекті массаға кобальт, мыс, марганец, қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған. Мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де, әсіресе, ақ түсті киімдермен таққан екен. Ең алғашқы бисер атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «бусра» немесе «бусер» деген сөзінен шыққан,-жасалған маржан. Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне
өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольді түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап, әлемге «бисер» атауы әйгілі бола бастады.
Бисерді ең көп шығаратын елдер Жапония, Италия, АҚШ, Үндістан.
ІІІ. Кіріспе бөлім. Бисермен тоқу ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі. Бұл өнер соңғы кезде қарқынды даму үстінде. Бисермен түрлі киім-кешектерді әшекейлеп, кестелеуге түрлі сыйға тартуға арналған бұйым түрлерін жасау сәнге айналды. Біздің жасаған әшекейлерімізді мына көрме жұмыстарынан көруге болады. (Слайд)
Ой қозғау. Адасқан әріптер арқылы сөз құра.
АҚЛА, ІЗҮЖК, АРҒЫС, ІБЛІКЗЕ, АҚНСИА.
Сөздерді жазғызу. Осы бұйымдарды жалпы қалай атауға болады? (Слайд)
Осы бұйымдарды жасайтын кім? (Зергер)
Зергер сөзі парсы тілінен аударылған «зар-зар»- алтын дегенді білдіреді. Алтыннан аптап, күмістен күптеп, асыл тастармен зерлеп сәндік бұйымдар жасайтын өнерлі шебер адамды зергер дейді. Зергердің аса көп жасайтыны әйелдерге арналған әшекей бұйымдар. Қазақ әйелдері кеуделеріне алқа, құлақтарына сырға , білектеріне білезік, саусақтарына жүзік таққан.
Әшекейлеп жасалған алқа адам көркі. Әшекейлерді де су моншақтан да жасауға болады. Су моншақпен жұмыс істеу өте шеберлікті қажет етеді. Су моншақтың өлшемдері, түстері сан-алуан, сондықтан жасалатын бұйымға байланысты моншақты мөлшеріне қарай, түс сәйкестігін тандай білу керек. Енді өзімізді зергер ретінде сезініп, әсем алқаны жасап көрейік.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: су моншақтан алқа жасау.
ІV. Сарамандық жұмыс.
Бисермен тоқу нені талап етеді? (шыдамдылық, еңбекқорлық).
Ендеше былай деп қорытынды шығаруымызға болады деп ойлаймын. (Слайд)
«Шыдамды еңбек, алғыр ой
Нағыз досың біліп қой!»
Себебі сабағымызға да бұл қасиеттер артық болмайды.
Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске салу.
Оқушыларға нұсқау карта таратылады. Жұмыс барысын түсіндіру.
Оқушылар өз қалауынша нұсқау карта арқылы жұмыс жасайды.
Тоқу үшін қажетті заттарды дайындайды.
Нұсқау карта, қиял бойынша тоқиды.
Жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау.
«Су моншақ» сөзінен сөз құрау
V. Бекіту. Мақал-мәтел жалғасын табамыз!
1. Бүгінгі істі ... қалдырма (ертеңге).
2. Жеті рет өлше ... рет кес (бір).
3. Батыр адам қорқақты сүймес,
Шебер адам ... (жалқауды сүймес).
4. Өнерлі болу зейнет,
Өнерсіз болу ... (бейнет).
Мал жұтаса да ... жұтамас (өнер жұтамас).
6. Ата-мұра ... (асыл қазына).
VI. Қорытынды.Су моншақпен әдемі бұйымдар жасау көп уақытты талап етеді, бірақ әдемілік үшін уақытты қиюға тура келеді. «Өнер - таусылмас азық, жұтамас - байлық» дейді ғой халқымыз. Осы үйренген өнерімізді әрі қарай дамыту біздің міндетіміз.
VІІ. Оқушылардың жұмысын бағалау. VІІІ. Үйге тапсырма. Бұйымды аяқтап келу.