Бізді қоршаған дүниедегі себеп- салдарлық байланыср
Сабақтың түрі
Жаңа тақырыпты меңгеру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
6.1.2.1 тәуелді, тәуелсіз және бақыланатын айнымалыларды бақылау
Сабақ мақсаттары
тақырып бойынша сапалы білім беріп, өз ойларын айта алуға жетелеу, сөздік қорларының сапасына мән беру, олардың оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелей отырып, ауызекі тілді сөйлеуге дағдыларын қалыптастыру
Жетістік критерийлері
Оқушылар оқу мақсатына жетеді, егер:
Зерттеу сұрағын анықтайды
Зерттеудің болжамын тұжырымдайды
Зерттеу сұрағы негізінде қорытынды жасайды
Тілдік мақсаттар
Оқушылар:
Өз зерттеулеріне болжамдарды ауызша және жазбаша нысанда талқылай алады.
Өз идеяларын плакаттағы схема түрінде көрсете алады. Кейін оқушылар басқа оқушылардың тәжірибелеріне қатысты өз пікірлерін айтып және өз идеяларын дамыта отырып, басқаларының идеяларын толықтырады.
Пәнге тән лексика мен терминология: Зерттеу сұрағы
Зерттеу жоспары
Гипотеза
Тәжірибе
Зерттеу мәселесі
Деректерді талдау
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Менің зерттеуімнің кезеңдері … болады деп ойлаймын.
Бұлай айтуға … негіз болды.
Бұл … түсіндіріледі.
Менің түсіндіруім ...
Құндылықтарды дарыту
Топтық жұмыс жасау барысында оқушыларды өзара көмек көрсетуге, бір-бірінің пікірін тыңдауға және өзара ақпарат алмасу барысында бір-біріне құрмет көрсетуге баулу
Пәнаралық байланыстар
Физика – диффузия жылдамдығы, соғу күші, ұшу алыстығы, зат салмағы, биология – жүрек соғысының жиілігі, жапырақтың түсуі
АКТ қолдану дағдылары
Сабақ барысында Power Point презентациясын және Интернет желісін қолдану
Бастапқы білім
Ғылыми жаңалықтардың айқындаушы рөлін және олардың адамның күнделікті өміріне әсерін, ақпарат көздерінің түрлерін және зерттеу әдістерін: бақылау және тәжірибені біледі.
Тәжірибе жүргізу жоспарын құрастыруды, қоршаған әлемге бақылау жүргізуді және диаграммалар түрінде құрастырылған жоспар бойынша жүргізілген тәжірибе нәтижелерін белгілеуді, қорытындылар тұжырымдауды біледі.