Сабақты ұйымдастыру «Алма бағы» жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру (тақтаға алма ағашының суретін және оған түрлі түсті стикерлер (алма) жапсыру, сабақ басталғанда оқушыларға өзіне ұнаған алманы алуды тапсырыңыз. Сол арқылы оқушының сол сәттегі көңіл күйін білуге болады, сонымен қатар топқа бөлінеді).
(К) Балалар, алдарыңызда сумен толтырылған екі стақан берілген. Біреуіне - қабығы ашылмаған, ал екіншісіне - қабығы ашылған лимонды салсақ не болады, қалай ойлайсыздар? (Оқушылар әр түрлі болжамдар ұсынады және тәжірибені жасап көру арқылы болжам расталады немесе расталмайды)
(М) Осы қарапайым тәжірибе негізінде оқушыларда зерттеу сұрағын тұжырымдау және осы зерттеу сұрағы негізінде болжам жасау және тәжірибені жасап көру арқылы болжамның расталатын немесе расталмайтындығын тексеруге болатындығы туралы түсінік қалыптастыруға болады
Power Point презентациясы, алма ағашының суреті, түрлі-түсті стикерлер
(Т) (Э) Оқушылар сабақтың басында алма ағашынан алған стикерлері бойынша 3 топқа бөлінеді:
Топтық жұмысқа қойылатын критерий:
Бізді қоршаған орта Бүгінгі күні адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы күрделенді. Адам табиғаттың бір бөлшегі. Табиғат, Жер-Ана, Отан, туған жер, атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті бір—бірімен мағыналас, мазмұны бай сөздер. Адам Жер-Ананың перзенті. Табиғатты, Жер-Ананы сүйе білу,оны аялау адамның азаматтық борышы. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, қоршаған ортаны аялау, және оны қорғау қазіргі және болашақ ұрпақтың өмірі мен келешегі үшін маңызы орасан зор. Қоршаған ортаны сақтау үшін өндіріс орындарында жоғары сапалы тазартқыш қондырғылар орнатылу керек. Суды үнемді, тиімді пайдалану керек және су көздерін сақтау керек. Қазба байлықтары да орны толмас табиғат ресурстарына жатады. Өсімдіктер, соның ішінде, орман – орны толмас табиғат байлықтарының бірі.Оларды да тиімді пайдалану қажет. Адамдар жануарлар әлеміне де көп көңіл бөлуге тиіс. Табиғтсыз өмір жоқ. Табиғат - тіршілік көзі. Табиғатқа жасаған зиян- өзімізге жасаған қастандық. Мысалы, 1966 жылы біздің елімізде «Халықаралық табиғат қорғау қоғамы» құрылды. Оның басты мақсаты- саны азайып бара жатқан, аң құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алып , арнайы кітапқа тіркеу.Бұл кітап «Қызыл кітап» деп аталады. Оның қызыл және сары парақтары болады. Қызыл парағына құрып бара жатқан, ал, сары парағына азайып бара жатқан аң, құстар, өсімдіктер тіркеледі.