Жүргізуші: Жақсылық атаулыға жаршы жандар, Жамандық атаулыға қарсы жандар. Баланы сусындатып өсіруге, Білімнің бұлақ көзін аршығандар! жүргізуші



Дата05.04.2022
өлшемі19,56 Kb.
#29907
Байланысты:
Документ Microsoft Word (16)


Ұстаз-ұлы тұлға!

1 - жүргізуші: Жақсылық атаулыға жаршы жандар,

Жамандық атаулыға қарсы жандар.

Баланы сусындатып өсіруге,

Білімнің бұлақ көзін аршығандар!



2 - жүргізуші: Мөлдір бұлақ сылдырлаған суымен,

Ормандарың шулап жатыр нуымен.

Ал баланың тәрбиесін беретін,

Құттықтаймыз, ұстаздар мерекесі күніменен.



1 - жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын!

2 - жүргізуші: Бармысыздар құрметті ұстаздар!

1 - жүргізуші: Ұстаз қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі -

2 - жүргізуші: «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашан да қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «Ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

1 - 2 - жүргізушілер: олай болса білім нәрімен сусындатып өмірге қанат қақтырған - ұлағатты ұстаздар мерекесі құтты болсын!

1 - жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор. Сондықтан ол әрдайым қасиетті тұлға.

Ән «____________________________________»



1 - жүргізуші: Ұстаздар, қандай ғажап халықсыздар.

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.



2 - жүргізуші: Ұстаздық – қызық та, бейнеті көп мамандық. Ұстаз – оқушыларды білсем, үйренсем, көрсем деген ұмтылысқа тәрбиелейді. Ұстаз деген есім - аз уақытын аямаған, өзгенің бақытын аялаған, шәкірттеріне үйретуге жалықпаған еңбекқор жанды ойға оралтады.

Күй«____________________________________»



1 - жүргізуші: Ұстаз болу - жүректің батырлығы,

Ұстаз болу - сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу - мінездің күншуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнімен асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай.

Ән «____________________________________»

1 - жүргізуші:

Ұстаздар – тыншымайтын еңбеккерлер,

Жемісті жерге екпеген, елге еккендер.

Зердесін болашақтың зерлеткендер

.

2 - жүргізуші:

О, Ұстаздар, басымды ием сіздерге,

Күллі әлемнің мұғалімдер күнінде.

Жүрегімнің лүпілінен шыққан сөз,

Сая тапсын Ұлы ұстаздың жүрегінің түбінде - дей отырып, бүгінгі осы мерекені жүрегі қуаныш пен мейірімге толы ұлағатты ұстаздар қауымын құттықтау үшін келесі кезекті сіздердің білімдеріңізбен қанат қаққан түлектерден келген видео құттықтаға назар аударуларыңызды сұраймыз

Видео құттықтау

Күй «____________________________________»



Ойын-Алмат,Жоламан

1 - жүргізуші: Бар тәлімін беріп елдің жанына,

Бір кездері қырауланар шашы да.

Ұстаз адам ұстаз болып қалады,

Қол соқтырып заман менен ғасырға.



2 - жүргізуші: Айта берсек ұстазға тіл жетпеген,

Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген.

Айтыңдаршы, адам бар ма өмірде,

Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген.



Ән «____________________________________»

1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар сіздерге мықты денсаулық пен баянды бақыт, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз. әрдайым ел игілігі үшін еңбек етіп, егемен еліміздің ертеңі болатын өрелі өренді өсіріп, тәрбиелеп, ұяларыңыздан ұшыра беріңіздер.

2 - жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын ағайын!

1 - 2 - жүргізуші: Аяулы ұстаздар сіздердің алдарыңызда әрқашан бас иеміз!

Мерекелеріңізбен!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет