Сабақ тақырыбы Табиғаттағы зерттейтін ғылымдардың зерттеу нысандары



бет43/194
Дата03.10.2022
өлшемі51,04 Mb.
#41152
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   194
Теориялар

Анықтамасы

Жақтаушылары

Креационизм
Стационарлық жағдай
Панспермия
Биогенез
Абиогенез









Креационизм теориясы бойынша: “Тіршілікті белгілі бір уақыт аралығында ерекше құдіретті күш жаратты” делінеді. Бірақ, ежелгі грек философы Аристотель (б.з.д. IV ғ.) бит — еттен, қандала — жануар шырынынан, шұбалшаң — балшықтан пайда болады деген көзқарасты ұстанды.Тіршіліктің құпия сырларын білу үшін ағылшын философы Ф.Бэкон (1561—1626 жж.) міндетті түрде бақылау, эксперимент жасап зерттеуді ұсынды. Осы ұсынысы арқылы түрлі діни сенімдерге батыл қарсы шықты. Ғалымның эксперимент жасап алынған деректерді талдап салыстыру керек деген көзқарасы жаратылыстану ғылымының дамуына ерекше әсер етті.Аристотель мен Бекон «Тіршілікті ешқандай құдіретті күш жаратқан жоқ, ол өздігінен өлі денеден пайда болды» деп, бұл пікірге қарсы шықты. Голландиялық жаратылыс зерттеуші Я.Б. Гельмонт өзінің еңбектерінде: «Тышқандар кір киімнен пайда болады» деп түсіндірсе, дәрігер Парацельс «адамды қолдан жасап шығарудың әдісін » ұсынған.
Стационарлық жағдай теориясында: “Жер еш уақытта жаңадан пайда болған жоқ, ол әуел бастан мәңгі, олай болса, жер бетіндегі тіршілік те мәңгі” делінеді.
Тіршілік мәңгі, ол ғарыш кеңістігінде кеңінен таралған. XX ғасырдың бас кезінде швед ғалымы С.Аррениус (1859—1927 жж.) панспермия тұжырымын колдады. "Ол тіршілік ғарыш кеңістігінде күн сәулелерінің қысымы арқылы бір аспан денелерінен екіншісіне ауысып отырады,"— деп түсіндірді. бұл тұжырымды қолдаушылар тіршілік Жерге метеориттер арқылы келуі мүмкін деген пікірде болды.Неміс дәрігері Г.Рихтер және швед ғалымы С.Аррениус: «Жер бетінде басқа ғаламшардан өсімдіктің тозаңы, споралары, тіпті ұсақ организмдер де келіп түседі» деген болжам айтқан. Осы болжам негізінде панспермия теориясы қалыптасты. Бұл теория бойынша «метеориттер мен ғарыштық шаң – тозаңдар арқылы жерге басқа ғаламшарлық тірі организмдер келіп түседі» деген пікір айтылады.
Сансыз көп болжамдарды екі қарама-қарсы болжамға біріктіруге болады. Биогенез (гр. genesis- шығу тегі, пайда болуы) теориясы тірлік атаулылар тірі нәрседен шықты деп ұйғарды. Ал соған баламалы абиогенез(гр. a - сөз алдынан қосылатын теріске шығару мәніндегі косымша) теориясы тірі тіршілік иесінің өлі нәрседен пайда болуына мүмкіндік береді. Осы бағыттағы өзгеше атау - тіршіліктің өздігінен жаралу теориясы. Балалар жазып болған соң кестені слайдпен тексереді. Сабақты толықтрып жалғастырамын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   194




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет