жер бетінде тіршілік мәңгілік әрі оны жаратушы күш жаратқан деп түсіндірді.
Карл Линней
Стационарлық жағдай
Жер бетінде тіршілік мәңгі болған.
В.Прейер ,Реди
Панспермия
тіршілік басқа ғаламшарлардан таралған.
Рихтер,Аррениус,
Биогенез
тіріден тірі дамиды.
Пастер,Спалланцани
Абиогенез
тіршілік өлі табиғаттан өздігінен пайда болған.
Аристотель,Бэкон
Осыған тақырыпқа байланысты тәжірибе жұмыстарын жасаған ғалымдардың тұжырымдары мен көзқарастарына тоқталамын. Бұл ойдан шығарылған ұсыныстардың жалғандығын ашатын маңызды тәжірибелерді ең алғаш итальян ғалымы Франческо Реди 1668 жылы қойған болатын. Ол ыдыстарға ет (өлген жылан) салып, біраз ыдыстардың бетін ашық қалдырды, ал ыдыстардың басқа бөлігінің бетіне кисея (сирек кездесетін мата) жапты. Бірнеше күннен соң ашық ыдыстардағы етте шыбын дернәсілдері құжынап кетті де, беті жабық ыдыстарда олар пайда болған жоқ. Ф. Реди аузы ашық ыдыстарға ұшып келген шыбындар жұмыртқа салды деп дұрыс болжам айтты. Ф.Реди тәжірибе қорытындысын 1668 жылы жариялап, тірі организмдердің өлі материядан пайда болмайтынын, яғни сазбалшықтан бақа, ескі кір шүберектен тышқан түзілмейтіндігін дәлелдеді. Қарапайымдарды алғаш зерттеп ашқан голандиялық табиғи зерттеуші А.Левенгук: «Олар тек өздеріне ұқсас организмдерден пайда болады» деген пікір айтса,италиялық табиғат зерттеушісі Л.Спалланцани тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын 1765 жылы тәжірибе жүзінде дәлелдеген.Ол ішінде қоректік сұйықтығы бар мойны ұзын шыны ыдыстарды ұзақ уақыт қайнатып, соңынан ауыздарын дәнекерлеп бекітіп қойған. Бірнеше аптадан соң қарағанда, ыдыстардың ішінде ешқандай тіршіліктің белгісі байқалмаған. Бірақ ыдыстардың мойындарын сындырып, аузын ашық қалдырғанда, 2- 3 тәуліктен кейін - ақ олардың іші түрлі микроорганизмдерге толы болған. Бұл жағдайды ол: «Ыдыстың ашық қалған аузы арқылы ауамен бірге келіп түскен споралармен жетілген организмдер», - деп түсіндірген. Алайда ғалымның қарсыластары: «Аузы жабық қалған ыдыстарға ауа кірмегендіктен, организмдер өздігінен дами алмады », - деп Спалланцанимен келіспеді.
1775 жылы М.М. Тереховский ішінде сорпасы бар ыдысты қайнатып, оның аузын тығыз етіп жауып тастады. Онда ешқандай өзгеріс байқалмады, ал аузы ашық ыдыстағы сорпаның бірнеше тәуліктен соң ашып кеткендігі байқалды. Ол кезде микроазғалар жөніндегі ғылыми деректер мардымсыз болатын. Виталистік (латынша — vitalis" — тірі, тіршілігі бар деген ұғым) көзқарастағылар: "аузы жабық ыдысқа "тіршілік күші" кіре алмағандықтан тіршілік пайда болмады, сорпаны қайнатқан кезде "тіршілік күші" өледі, — деген қарсы пікірді ұсынды. Дарвиннің «Түрлердің пайда болуы» деген кітабы жарыққа шыққаннан кейін бұл мәселе қайта көтеріліп, тәжірибе жүзінде жан – жақты зерттеулер жүргізіле басқады.
Тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеу үшін 1860 жылы француз ғалымы, микробиолог Луи Пастер (1822—1895 жж.) арнайы тәжірибе жасады. Ол ұшы латынның S-әрпі тәрізді шыны түтікті қолданды. Л.Пастер шыны ішіндегі қоректік ортаны кайнатып, оны иір иінді түтікпен жалғастырды да, түтіктің ұшын ашық қалдырды. Түтік ішіне ауаның еркін кіруіне мүмкіндік жасалды. Микроорганизмдердің споралары шыны түтіктің иір иініне жиналып, қоректік ортаға түспегендіктен, шыны ішіндегі ерітінді ұзақ уақыт таза қалпында сақталды. Л.Пастер қарапайым ғана тәжірибесі арқылы ағза тек тірі ағзадан ғана пайда болады деген биогенездік теорияның дұрыстығына көз жеткізді.Ол «тіршілік өздігінен өліден пайда болады» деген көзқарастың негізсіз екендігін дәлелдеді.Тәжірибелерді бір - бірімен салыстырып,қай теорияны жақтағанын талдаймыз оқушылармен.