2020-2021 оқу жылы, 3курс,ЕФ-18-9қ3-1топ Модуль/пән атауы_____ Мейіргер ісінің негіздері__________________
Сабақ тақырыбы:Терминальді жағдай. Қарапайым жүрек-өкпелік реанимация. Дайындаған педагог:Қосымбаева Ардақ Бекес қызы._______________ Сабақ типі Тәжірибелік сабақ Сабақ мақсаттары: Студенттерге әр түрлі оқыстық жағдайлар кезіндегі диагностика және дәрігерге дейінгі көмекті үйрету. Тәуелсіз шұғыл медбикелік араласу ережелері, пациенттің актуалды және патенциалды мәселелері, туындайтын асқынулар.
Студенттерге терминальді жағдай қарапайым жүрек-өкпелік реанимацияны үйрету.
Жаңа сабақ тақырыбы: Реанимация туралы түсінік, реанимация көрсеткіштері, қарапайым реанимациялық шараларды өткізу әдістері (бір және екі құтқарушылар). Реанимациялық шаралардын әсерін қадағалау.
Реанимация- бүл организмді тірілту, тіршілік маңызды қызметін қалпына келтіруге алдымен тыныс алу жэне қан айналуын, үлпаларды жеткілікті мөлшерде өттегімен қамтамасыз етуге бағытталған.
1. Тірілту бойынша шаралар кешіктірілмей басталуы қажет.
2. Оқиға болған жерге қарамай бастапқы іс-әрекет аман алып қалу бойынша бірдей жүргізіледі, бұл жерде маңызды 2 міндетті әдісті орындау:
- зардап шегушіні көлденен қатты жерге жатқызыңыз. Осы әдісті жүмсак бетке орындау күткен әсерді бермейді, неге десең жүмсақ бетке қүтқарушының қимылдауымен серіптіреді және жүректі кысу қажеттілігін жетуіне жолы болмайды;
- кеуде торының алдынғы бетін жалаңаштаңыз, белдігін босатыңыз.
3. Әрі қарай Питер Сафардың басшылығына сәйкес тірілту келесі кезеңдерден тұрады: