Сабақ Тақырыбы: Тірі жасуша біртұтас динамикалық жүйе. Прокаритотты және эукариотты жасушалар



бет8/41
Дата05.12.2023
өлшемі4,1 Mb.
#134496
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41
Байланысты:
Семинар сабақтары-молек.биология

Жұмыстың орындалуына түсініктеме: Жасушадағызат алмасу мен энергия айналымы. АТФ синтезі. Гликолиз процесі. Энтолпия, энтропия және бос энергия түрлерімен танысып дәптерге жазып алу
Қажетті құрал-жабдықтар:Сызбанұсқалар. Кестелер. Плакаттар. Слайд.
Тапсырма: Берілген кестені толтырып, сұрақтарға жауап беру.
1-кесте
Зат және энергия алмасу түрлерін анықтау

Зат пен энергия алмасу түрлері

Қандай заттар реакцияласады

Реакцияның нәтижесі

Зат алмасу сатылары

























2-кесте
Зат және энергия алмасу түрлерін анықтау

Энергия алмасу кезеңдері

Заттарда байқалатын өзгерістер

АТФ-тың биологиялық рөлі





















Пысықтау сұрақтары:

  1. Метаболизм дегеніміз не?

  2. Катаболизм дегеніміз не?

  3. Анаболизм дегеніміз не?

  4. Эгергияның өзгеруі қандай заңдылыққа негізделген?

  5. Зат алмасудың сатылары?

  6. Гликолиз дегеніміз не? Гликолиз қандай сатыларға бөлінеді?

  7. Тотығу кезіндегі ферментативті ыдырау.

  8. Тотығу реакция энергиясының АТФ энергиясына айналуы.

  9. Энтольпия, энтропия және бос энергия дегеніміз не?

5практикалық сабақ
Тақырыбы: Нуклеин қышқылдарының негізгі қасиеттері. Нуклеотидтердің құрамымен түрлері.РНҚ молекуласының құрылысы және оның ДНҚ-дан айырмашылығы.
Мақсаты: Нуклеин қышқылдарының физико-химиялық қасиеттерін және нуклеотидтердің құрамы, түрлерімен танысу.РНҚ молекуласының құрылысы және оның ДНҚ-дан айырмашылығын ажырата білу
Жұмыстың орындалуына түсініктеме: Нуклеотидтер және полинуклеотидтерді бөліп алу және фракциялау әдістерімен, ДНҚ-ның биологиялық құрылымы және оны зерттеу әдістерімен танысып дәптерге жазып алу
Қажетті құрал-жабдықтар:ДНҚ репликациясының аша тұрпатында кескінделген сызба.
Тапсырма:
Нуклеин қышқылдарының құрамы мен құрылысы. Нуклеин қышқылдарының толық емес гидролизі нәтижесінде нуклеотидтер түзіледі (1-сызбанұсқа). Олар нуклеин қышқылдары полимер тізбегінде қайталанып отыратын күрделі құрылым буындары (монометрлері). Ал нуклеотидтерді одан әрі гидролиздесе, ортофосфор қышқылын және пентоза мен азотты негізге айырылатын нуклеозидтерді түзеді.
1-сызбанұсқа

Яғни, нуклеин қышқылдарының құрамына азотты негіздер (пиримидинді, пуринді), фосфор қышқылы және моносахаридтер (рибоза мен дезоксирибоза) кіреді. Нуклеин қышқылдары құрамындағы моносахаридтердің қалдығына байланысты рибонуклеин қышқылы және дезоксирибонуклеин қышқылы болып екіге бөлінеді. ДНҚ молекулалық массалары бірнеше мыңнан ондаған миллионға жетеді.
ДНҚ мен РНҚ құрамының айырмашылығы — нуклеин қышқылын толық гидролиздеу арқылы анықталды. Оларды гидролиздегенде, әр түрлі заттардың қоспасы түзіледі (1-кесте).
1-кесте

Нуклеин қышқылдары құрамында көмірсудың гидроксил тобы мен фосфор қышқылының арасында күрделі эфирлік байланыс түзіледі, ал азотты негіз көмірсудың жанынан жалғасады. Полинуклеотидтің құрылысын сызбанұсқамен былай өрнектеуге болады (2-сызбанұсқа):
2-сызбанұсқа
ақуыздар сияқты нуклеин қышқылдары әр түрлі болады. Олардың организмдегі атқаратын қызметі де әр түрлі. Нуклеин қышқылдарының да ақуыздар сияқты әр түрлі құрылымдары болады.
а) Нуклеин қышқылының бірінші құрылымында мононуклеотидтер белгілі тәртіппен орналасады.
ә) Нуклеин қышқылының екінші құрылымы макромолекулалардың кеңістікте қос шиыршық болып орналасуын көрсетеді. Бұл кезде молекулалар арасында және молекула ішінде сутектік байланыс арқылы әрекеттесу болады.
Нуклеин қышқылының макромолекуласы екі полинуклеотидті тізбектен құралады. Олар кеңістікте қос ширатылған оралма (спираль) түзеді (1-сурет). Оралманы фосфор қышқылының полиэфирі түзеді, пиримидин және пурин туындыларының жазық молекуласы оралманың ішінде болады.
Нуклеин қышқылының макромолекуласындағы бірінің ішінде бірі жатқан ширатылған екі оралмада, пиримидин және пурин қалдықтары өзара сутектік байланыс арқылы байланысқан.
Сутектік байланыс белгілі бір жұп пиримидин және пурин туындыларының арасында түзіледі. Оларды комплементарлы жұптар деп атайды. Ондай жұптар: тимин (Т) — аденин (А) және цитозин (С) — гуанин (G).
ДНҚ-ның қос оралмалы сызбанұсқасында таспамен көрсетілгендері фосфор қышқылымен көмірсулардың полиэфирінің макромолекуласы. Бұларды қосып жатқан түзулер пиримидин және пурин туындылары, олар комплементарлы жұптар.
б) Нуклеин қышқылының үшіншілік құрылымы — ДНҚ мен РНҚ-ның кеңістікте шумақталып орналасуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет