1 тип тармағы - қарапайым организмдер. Олар (шоғырлар – колония түрлерінен басқа) құрылысы жағынан бір жасуша деңгейіне, ал физиология жағынан жарамды дараққа тән. Сондықтан қарапайым жасушаларының бір белгісі сол, ол цитоплазмасында шағын әрі әсем құрылымы болады. Ол жасуша деңгейінде көпжасушалы организмнің маңызды ағзалары қызметін атқарады. Ондай құрылымды (мысалы, инфузорийде) асқорыту жүйесіндей цитостом, цитофарингс және порошицада, әрі шығару жүйесіндей жиырылғыш вакуолде көруге болады.
2 тип тармағы – өсімдік және жануарлар организміндегі жасушалар. Бұл жасушалардың бәрiнде iшiн сыртқы ортадан, көршi жасушалардан бөлiп тұратын сыртқы қабығы (плазмолемма, плазмалық жарғақша, грек. plаsmа-iркiлдек сұйықтық; латынша «mеmbrаnо»-жарғақ), гиалоплазмасы (грек. hyаlоs-шыны); матриксi-құрылысы әр тектi, құрамы, iшкi тiрегi, тұрақты, әрі тұрақсыз қосындылары бар - цитоплазма (cytoplasma, грек. «kytos»-жасуша) және хроматин (chromatinum, грек. chrоmа-түс), ядрошық (лат. nuclеоlus), қабық (кариотека-грек. kаryоn-ядро, thеkе-қабық), шырын (nucleoplasma, нуклеоплазма, кариоплазма, кариолимфа), белоктiк негiз сақталатын – ядросы (nucleus) болады.
Прокариотты және эукариотты клеткаларының құрылысындағы ерешеліктері. Қазіргі кезде ғалымдардың еңбектері тұжырымдалып, жасушаның құрылысы, тіршілік әрекеттері, дамуы, маңызы толық айқындалды. Сондықтан:
1) барлық организмдердің құрылыс негізі жасуша екені, оның өзі әр түрлі болғанымен, оларға тән жалпы құрылымы бір және ол жасушаның бөлінуі арқасында пайда болады;
2) жасуша тіршіліктің негізгі түрі болғанымен, ол жалғыз емес, оның жасушаға дейінгі түрлері (бактериофагтар, вирустар) кездеседі, ал көп жасушалы организмдерде – жасуша аралық заттар, талшықтар мол болады;
3) жасуша – күрделі құрылымды, өзінің тарихи даму процесі бар. Ол кезінде органикалық заттардың қарапайым түрінен пайда болған; 4) Жасушаның жеке даму жолы бар. Онда ол өзгеріп, дамиды және өзіне тән жаңа қасиет тауып ала алады; 5) жасуша – көп жасушалы организмнің бөлігі, сондықтан оның дамуы, түрі, атқаратын қызметі организмге тығыз байланысты болып келеді. Барлық тірі организмдер жасушалардан тұрады. Олар біржасушалы (бактериялар, қарапайымдар, көптеген балдырлар, саңырауқұлақтар) және мыңдаған жасушалардан тұратын көпжасушалылар (көптеген өсімдіктер, жануарлар) деп бөлінеді. Олардың түрлері қарапайым шар тәріздіден (біржасушалылар, бактериялардың ішіндегі – кокколар) тіпті таңғажайыпқа дейін болады. Микрококкалардың диаметрі 0,2 мкм, жүйке жасушасының ұзындығы 1 м, ал өсімдіктердің сүтжолы тамыры бірнеше метрге жетеді. Тiрi организм құрылысының ең ұсақ құрылымы, қызмет бiрлiгi, басты негiзi - жасуша. Ол прокариотты; ядросының айналасында - жарғағы болмайды, хромосомалары цитоплазмамен тiкелей байланысады. Цитоплазмасында - митохондрийлер, хлоропластар кездеспейдi, рибосомалар мөлшерi кiшi болады. АТФ түзілуі (синтезі) плазмалық жарғақта өтеді. Онда жалғыз сақина тәрізді бактериалды хромосома сақталады. Мейозбен бөлiнбейдi. Оларға - бактериялар, актиномицет, көк-жасыл балдырлар, вирустар жатады), эукариотты (толық, ядролы, кейбір бір, көп жасушалы өсімдіктер, саңырауқұлактар, малдар организмдеріндегі жасушалар), әртүрлi (қарапайым домалақтан таңқаларлыққа дейiн) болып, әрi дене (көбеюден басқа қызметтердi толық атқарады) және жыныс жасушалары (аналық - жұмыртқаклетка, аталық - сперматозоид) деп бөлiнедi. Дене жасушасы әдетте қосарланған (диплоидты) хромосома жиынтығын, жыныс жасушалары дара (гаплоиды) хромосома жиынтығын сақтайды. Жасушалардың бәрiнде iшiн сыртқы ортадан, көршi жасушадан бөлiп тұратын сыртқы қабығы (плазмолемма, плазмалық жарғақша (грек.- iркiлдек сұйықтық; лат. - жарғақ), гиалоплазмасы (грек.- шыны; матриксi-құрылысы әр тектi, құрамы, iшкi тiрегi), тұрақты, тұрақсыз қосындылары бар - цитоплазма; хроматин (грек.- түс), ядрошық, қабық (кариотека - грек.- ядро, - қабық), шырын (нуклео-, кариоплазма, кариолимфа), ақуыздiк негiз сақталатын - ядро болады. Саңырауқұлақ, жануарлар жасушаларында пластидтер болмайды. Бактериялар, саңырауқұлақтар және өсімдіктер жасушаларының әртүрлі заттан түзілген қабырғасы болады. Олар бактерияда – мурсин, саңырауқұлақта – хитин, өсімдікте – целлюлоза деп аталады. Бұлар полисахаридтер. Жасуша қабырғасы мына қызметтерді атқарады: жасушаның механикалық беріктігін, тіректікті қамтамасыз етеді; жеке жасушаның ғана емес бүкіл өсімдіктің де механикалық тіректігін қамтамасыз етеді; кейбір жасуша қабырғасында қоректік заттар қоры сақталады; жасуша қабырғасындағы тамырлар бүкіл өсімдікке заттарды тасымалдауға бейімделген; эпидермистің сыртқы қабырғасы балауыз (воск) тәрізді кутиннен тұрады да, ол судың шығынын азайтып, өсімдікке ауру қоздыратын бактериялардың түспеуін қамтамасыз етеді. Жасуша қабырғасының астында плазмалық жарғақ және тұрақты, тұрақсыз қосындылары бар цитоплазма болады. Онда бір, кейде бірнеше ядролар орналасды. Жалпы жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының құрылысы ұқсас болады. Өсімдік жасушаларының ерекшелігі сол, онда пластидтер және көпіршіктер сақталады. Пластидтер тек өсімдік жасушаларына тән тұрақты қосындылар, қос жарғақпен қоршалған, үш топқа бөлінеді:
1) Хлоропластар – құрамында хлорофиллдер, каротиноидтары болады. Бұл пигменттер күн сәулесі әсерінен өсімдік жасушаларында органикалық заттардың түзілуін қамтамасыз етіп, өсімдік жапырақтарында көп болады;
2) Хромопластар – органикалық заттарды түзбейді, бірақ олар қызыл, қызғылт сары және сары пигменттер сақтап, боялатын пластидтер. Хромопластар өсімдік жасушаларының ұрығында, гүлдерінде көп болады және ашық түске боялатындықтан жануарларды өзіне қызықтырып, тартады;
3) Лейкопластар – түссіз пластидтер, пигменттері болмайды. Жасушалардың жас жапырақтарында, дәнінде, түбірінінде (тамырында) өте көп болады. Өсімдік жасушаларындағы көпіршіктер үлкен, жасуша ортасында орналасады, қабырғасы бір қабатты жарғақтан тұрып, тонопласт деп аталады. Көпіршік ортасы сұйықпен толып, жасуша шырыны деп аталады. Көпіршік құрамында су, минералды тұздар, қант, оттегі, көмірқышқыл газ, органткалық қышқылдар, бояутектер (пигмент) және тіршілік әрекеттерінің қалдықтары болады. Көпіршіктер мына қызметтерді атқарады: осмос жолымен су тонопластан жеңіл өтеді. Ол кезде орталық көпіршік созылғандықтан цитоплазма жасуша қабырғасына жылжиды, ал ішкі қысым жасуша түрін сақтап тұрады; кейде көпіршікте әр түсті бояутектер болады. Олар өсімдік ұрығын, гүлін әр түске бояп, жануарлар назарын өздеріне тартады, дәнді тозаңдатады және таратады; кейде өсімдік көпіршігінде ас қорыту ферменті сақталады, тіршілікте лизосома тәрізді қызмет атқарады, ал жасуша өлсе, онда көпіршікті бұзып, ерітеді; көпіршіктерде тіршілік қалдықтарының қоры жиналады, шөпқоректі жануарларды үркітеді. Организмде жасуша туындылары жасушасыз құрылымдарда кездеседi. Оларға - симпластар (грек.- бiрге, - жасалған; остеокласт, трофобласт сыртқы қабаты, қаңқалық бұлшық ет талшығы), синцитийлер (грек. - бiрге, - жасуша; даму жолындағы сперматозоидтар), жасушааралық заттар (коллаген, эластин, аргирофильдi талшықтар, аморфты зат), өз қызметiн аяқтап, ендi оны жалғастыра алмай, басқа қызметке бейiмделе бастаған жасуша туындылары (эритроциттер, қан тақташалары, эпидермистiң мүйiздi қабаты, шаш, тырнақтар) жатады.
1- кесте