Сабақ Тақырыбы: Тірі жасуша біртұтас динамикалық жүйе. Прокаритотты және эукариотты жасушалар



бет10/41
Дата05.12.2023
өлшемі4,1 Mb.
#134496
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41
Байланысты:
Семинар сабақтары-молек.биология

Пысықтау сұрақтары
1. Нуклеин қышқылдарының құрамы мен құрылысы.
2. Нуклеин қышқылдарының маңызы
3. Нуклеин қышқылдарының да ақуыздар сияқты әр түрлі құрылымдары болады.

6практикалық сабақ


Тақырыбы: ДНҚ-ның құрылысы және физико-химиялық құрамы және олардың тұқымқуалаушылық ақпаратты іске асырудағы мәні.
Мақсаты:Нуклеин қышқылдарының генетикалық рөлі. ДНҚ құрылысы. Уотсон-Крик моделі. ДНҚ-ның қос тізбекті құрылысымен танысу.
Жұмыстың орындалуына түсініктеме: Нуклеин қышқылдарының генетикалық рөлі. ДНҚ құрылысы. Уотсон-Крик моделі. ДНҚ-ның қос тізбекті құрылысымен танысып дәптерге жазып алу
Қажетті құрал-жабдықтар:ДНҚ-ның қосширатылған кескінделген модельі. Кестелер мен таблицалар
Тапсырма: 1. ДНҚ тізбегінің құрылысын танысып жазу. Схемадан ДНҚ құрылысын салып алып, мыналарды белгілеу. ДНК түрлерін түсіндіру
Қысқаша сипаттама: ДНҚ жануарлардың, өсімдіктер мен микро-организмдердің барлық жасушасының ядросында болады. Гистон ақуызымен бірге ол нуклеогистон комплексін түзеді де, хроматиннің негізгі массасын құрайды. ДНҚ ядроларда кездесуімен қатар өсімдіктер митохондриясы мен пластидтерінен де табылған.



ДНҚ-ның спиралінің диаметрі 20 ангстрем. Бір – бірімен параллель жатқан көрші жұп негіздердің ара қашықтығы 3,4 ангстрем. Спиральдің бір айналымына жұптасқан 10 азоттық негіздер кіреді, яғни спиральдың бір айналымы ұзын ДНҚ молекуласының бойындағы 34 ангстрем бөлікті алып жатыр. ДНҚ молекулаларын созса, ұзындығы 2 метрге жетеді, яғни диаметрі 20 ангстрем, ұзындығы 2 метр. ДНҚ молекуласын 100º с температурада қайнатса оның тізбектері бір – бірінен ажырайды.


ДНҚ нуклеотидінің құрамы:Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) - тірі организмдердегігенетикалық ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін,сақталуын,дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының екі түрінің бірі.ДНҚ-ның негізгі құрылымдық бірлігі – үш бөліктен құралған нуклеотид. Бірінші бөлігі – дезоксирибоза (бескөміртекті қант); екіншісі – пуриндік негіздер: аденин (А) мен гуанин (Г) және пиримидиндік негіздер: тимин (Т) мен цитозин (Ц); үшіншісі – фосфор қышқылының қалдығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет