Сабақтың басы
3 минут
8 минут (Жұптық жұмыс)
|
Сәлемдесу арқылы сыныпта жайлы атмосфера орнату.
Ол үшін мысалы мұғалім мынадай сұрақ қоюы мүмкін:
«Бүгінгі көңіл күйің қалай?»
Оқушылар жауаптарын жабысқақ дәптерге жазады және апта бойы оқушылардың көңіл-күйіне бақылау жасалады.
Ұзақтығы: 2 минут
Өтілген тақырыпты еске түсіру:
WORD CLOUD
Жұптық жұмыс
Оқушылар электр және магнит құбылысына қатысты 10 сөз/терминді табады.
Оқушылар өздері анықтаған сөздер мен терминдерді басқа оқушылармен салыстырады.
Оқушылар өз тізімінде жоқ сөздер мен терминдерді жаттайды.
Мұғалім оқу мақсатымен таныстырады, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап береді. Сонымен қатар жетістік критерийі және сабақ соңында күтілетін нәтижемен таныстырады.
WORD CLOUD-тан оқушылар мен мұғалім бірге оқу мақсатына қатысты сөздер мен терминдерді анықтайды.
Трек сөздер:
• трансформатор
• айнымалы ток
• кернеу
• бірінші ретті орама
• екінші ретті орама
• жоғарылатқыш трансформатор
• төмендеткіш трансформатор
• құйынды ток
• электр энергиясын өндіру
Оқушылар кілтті сөздердің орысша және ағылшынша аудармаларын анықтап, дәптерлеріне жазады.
|
Word cloud generated through
https://wordart.com/create
|