Құндылықтарды дарыту
Осы сабақта балалардың бойына жылдамдық, орташа жылдамдық, қозғалыс туралы білімдерін одан әрі жетілдіру. Аталған терминдерді күнделікті өмірден мысалдар келтіре отырып түсіндіріп, жауапкершілікті, пәнге деген қызығушылықты арттыру.
Пәнаралық байланыстар
Математика, Денешынықтыру. (Жылдамдықты, орташа жылдамдықты есептеуде, спортщы қозғалысы, т.б.)
АКТ қолдану дағдылары
Осы сабақта оқушылар интерактивті тақта көмегімен тақырыпқа сай әртүрлі сайттар арқылы жаңа ақпаратты тез ұғып, түсіну дағдыларын дамыта алады.
Бастапқы білім
Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалығы. Траектория. Жол. Орын ауыстыру.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
І. Ұйымдастыру.
1. Амандасу.
Оқушылармен бірге оқу мақсаттарын, табыс критерийлерін нақтылайды;
Оқушыларды түгендеу
Жағымды психологиялық ахуал орнату
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Сұрақты қағып ал». Үй тапсырмасын тексеру
Мұғалім әрекеті: Оқушылар, өткен тақырыпты еске түсірейік. Әрбір оқушыға өздеріне қойылған сұрақтарға қысқа және нақты жауап беруге тырысыңыздар.
1. Материалдық нүкте деген не? (Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады.)
2. Қозғалыс траекториясы деген не? (Дененің немесе материалдық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі)
3. Дене қозғалысының түзусызықты немесе қисықсызықты екенін қалай ажыратамыз?
( Траекторияның түріне қарап ажыратады. Мысалы, шеңбер бойымен парабола бойымен т.с.с)
4. Сағат тілі ұшының қозғалыс траекториясы қандай? Жауабы: қисық сызықты қозғалыс (шеңбер бойымен).
5. Жүрілген жол дегеніміз не ? (Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады. Оны S әрпімен белгілеу белгілейді)
6. Орын ауыстыру деп нені атайды?
Достарыңызбен бөлісу: |